
«Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» демекші, дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын адамды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылықтары мен көзқарастары бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Дегенмен, кемшіліксіз адам болмайды, әрқайсымыздың өз кемшіліктеріміз бар. Сондықтан да, менің ойымша, мінсіз дос болмайды. Немесе, мінсіз дос осындай болу керек деген тұжырымдама да жоқ. Достық - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Менің ойымша, ең бастысы адамдар бірін – бірі түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсетіп, қуанышты бірге қызықтаса, міне, осыны мен мінсіз достық деп білемін, ал сіз менімен келісесіз бе?
Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Дана халқымыз да достық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қастерлеген.
Объяснение:
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы.
Соңғы кездері латын әліпбиіне көшу туралы мәселе жиі қозғалып, Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. Кейбір тіл мамандары латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.
Жалпы латын қарпіне көшудің артықшылықтарына тоқтала кетсек, біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.
Жалпы алғанда жастар Елбасының бұл бастамасын қолдап, латын әліпбиіне көшуге оң көзқараспен қарайды.