kafdiana9
05.09.2020 03:05

А дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, ең алдымен бүкіл әлемді жаратқан құдіретті күштің иесі - Алла тағаланы барынша жан-тәнімен сүйіп, осы сүйіспеншілігімен өмірден өтуі керек. Жалпы сүйіспеншілік ұғымы - бүкіл жарық дүниені сүю. Ал жарық дүниеге Алла тағала жаратқан бүкіл әлем кіреді емес пе? Егер а ң сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, мақұлық) бірдей болса, нұр үстіне нұр. Әлем халықтары оның ұлтына, ұлысына, нәсіліне, қайбір діннің жетегінде жүрсе де, бәрі туыстай қатынаста болуы керек.
Әрине, қандай қоғам болмасын, әртүрлі ұлт, ұлыстардан құралатыны белгілі. Егер осы қоғамда ұлтаралық татулық, бірлік сақталмаса, ол қоғам өміршең болмасы өзінен-өзі түсінікті. Қазақта "Мың қосшыдан, бір басшы" деген мақал бар. Бұл дегеніңіз - қайсыбір ел, мемлекет болмасын, оның бар тіршілігі бір басшыға байланысты деген сөз.

Осы жұрт сүйіспеншілік, махаббат, ғашықтық дегенді бір мағына деп айта беретін болды ғой. Соны екшелеп айыру керек секілді. Жалпы, ғашықтық деген бір жақты болады емес пе? Ол жігіттің немесе қыздың біржақты сезімі. Ал, махаббат деген екі жақты сезім. Бір бірін сүйген кезде ғана махаббат пайда болады.

Сүйіспеншілік тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.

Барша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болады. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы – ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан алуан гүлдер көз жауын алатын әсемдігімен қараған жанның жанын жадыратып, көңілін шалқытады. Жапырақ бетіндегі таңғы шықтың күмістей мөлдіреген пәк бейнесінен сүйіспеншілікті қалай сезінбессің?! Иен даланы басына көтере жамырай маңыраған қозы-лақтың берекелі де бейбіт тірліктің бесігін тербеткен үнінен, құлақ құрышын қандыра сайрап, жүрекке шаттық сыйлайтын құстардың әсем әнінен сүйіспеншіліктің әуезді әуенін тыңдау қандай ғанибет!

Шын сүйіспеншілік Аллаһ үшін болғандықтан, бұл сүйіспеншіліктің соңы, шегі болмайды.

Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес, сүйіспеншілік.

Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес...оны іспен ғана білдіре аласың..себебі ол сезімнің бір бөлшегі..ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады..үлкен сезімдерге бастау береді..сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады...

Сүйіспеншілік дегенді махаббат деген мағынада айтып тұрған болсаң, онда адамзат өркендемейді, көбеймейді, тұқымы құриды.
Достық, адамзаттың бір-біріне бауырмалдығы деген мағынада айтар болсаң жер бетінің халықтары бір- бірімен қырғи қабақ болып, жақтырмай
Кажетти 5-6деректи ириктениз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
bika20679
16.12.2021 04:27
Аққулар... Бұл бір ерекше жаратылысқа көз тастап тұрып сұлулығына таңдай қағып,"Аққу - махаббат құсы" деп жатамыз. Ал сол махаббаттың жаршысына айналған құстың өміріне кім үңіліп көріпті? Тек символ ретінде ғана қарап қою - ағаттық болар, сірә. Жағымды құстың жаратылысы мен өмірі жайында білгіңіз келсе, төменге назар аударыңыз!Ақулардың қандай ерекше қасиеттері бар? Аққулар – өте ақылды құстар. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.Шипун-аққулардың көз көру қасиеті мен есту қабілеті жақсы дамыған.Аққулар адамдарға қауіп төндіре ала ма? Аққулар өздеріне не көгілдірлеріне қауіп төніп тұрғанда мінез көрсететеніні болмаса, ешқашан да адамдарға шабуыл жасамайды.Аққулар қалай көбейеді? Шипун-аққулары наурыз айына 5-10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
sluvka123123
01.11.2021 08:50
«Менеджер - Адам ресурстарын басқару бойынша маман, менеджер, басқарушы жетекшісі, әкімші, менеджер, төрағасы, директор, бас.менеджері бірнеше рөлдерді атқарады. Біріншіден, бұл үлкен команданы басқару, менеджер болып табылады. Екіншіден, кәсібилігін және жағымды эмоция пайдалана отырып, құлын әкелуі мүмкін көшбасшы. команда құру және дұрыс бағытта өз дамуын басшылыққа алады Үшіншіден, педагог. Төртіншіден, нақты өнертабыс өндірісін бағалау және іске асыру қабілетті жаңашыл болып табылады. -Five, Барлық жағынан басқаларға үлгі бола алады, жоғары білім мен дағдыларды бар адамның.Қорытындылай келе, біз менеджері басқарушы болып табылады деп айтуға болады. Және ол бақылайтын қызмет саласына байланысты. «
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота