Тілдер күнін Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері мен ұлыстар әр жыл сайын тұрақты түрде тойлап келеді. Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы аянбай еңбек етіп жүр.
Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстан - ортақ үйіміз» тақырыбына мемлекеттік тілде эссе жазудан байқау өтті. Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы тіліміздің дәрежесін көтеруге бағытталған іс-шараны алғаш рет ұйымдастырып отыр. Байқауға қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдері: Тараз қаласындағы Политехникалық, Болашақ, Медициналық, «Аспара», «Парасат» колледждерінің білімгерлері және мектеп оқушыларын қосқанда, барлығы 32 жас қатысты. Сайыс шарты бойынша, жасөспірімдер қосымша құралдардың көмегінсіз 1 сағат ішінде тақырыпты ашып, қағаз бетіне ойын анық жеткізуі тиіс еді.
Ал олардың шығармаларына қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің тәжірибелі мұғалімдері әділ-қазылық етті.
Анашым!
Сізді шын жүректен шырайлы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Ең бастысы деніңіз сау болып, Әкешім екеуіңіз ортамызда қартаймай жүре беріңіздер! Әрдайым жанұяның жылулығын сақтай беріңіз! Бақытты – баянды өмір кешіп, осындай сұлу қалпыңызда қала беріңіз! Еңбегіңіз жемісті болсын!
Сіз – әлемдегі ең керемет анасыз! Мен сізді жақсы көремін!
Мамочка!
От чистого сердца поздравляю Вас с первым праздником весны – 8 Марта – с международным женским днем! Самое главное, желаю здоровью, и чтобы вы с Папой всегда оставались такими же молодыми! Сохраняйте тепло семейного очага! Желаю Вам счастливой жизни и всегда оставаться такой же красивой! Успехов в работе!
Вы – самая лучшая мама на свете! Я Вас люблю!