dionakavinep08o5z
01.03.2023 01:10

2-тапсырма. «Елбасы еңбегі – ертеңгі бағыт» деген тақырыпта жанрлық ерекшелігін сақта ілікті газет бетіне мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілердің дұрыс қойылуын ескеріңіз. Сөздер мен сөз тіркестері: бүкілхалықтық сайлау, ант беру, жарқын болашақ, халқының қамын жеу, ел көшбасшысы, әлем мойындаған, салиқалы саясат, ұттық валюта, мемлекеттік рәміздер, ұлттар достастығы, экономикалық дағдарыс,мемлекет шекарасы, халықаралық шаралар, ЭКСПО-2017

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
derzhak12345
06.06.2020 20:51

Көптеген адамдардың арманы бар. Өз қалауыңызға сену сізге міндеттер қоюға және дамуға, мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Қазір мен көп қабатты үйдің қарапайым пәтерінде тұрамын, бірақ елдік тұрғын үй туралы армандаймын. Менің идеалды үйім қаладан тыс, кең және жарық. Аулада көптеген гүлдер мен бұталар бар, ал жақын жерде қайың тоғайы мен көл бар. Мен үйдің жанында беседка мен үлкен әткеншек, дәмді алма мен шие бар БАҚ алғым келеді.

Менің отбасым менімен бірге Арман үйінде тұрады, ал достар қонаққа келеді. Бізбен бірге өзінің кішкентай үйі бар мысық тұрады.

Атмосфера жайлы, отбасының әр мүшесінің бір нәрсе жасауы керек - мысалы, үлкен кітапханада Кітап оқу, шахмат ойнау. Камині бар кең қонақ бөлмеде барлығы кешке жиналып, өз істерін талқылай алады.

Менің идеалды бөлмемде төсек, шкаф, теледидар және компьютер бар. Үлкен терезелерден бөлмеге көп жарық түседі, ал терезелерде гүл құмыралары бар. Бөлменің төбесі аспан бейнеленген жабынмен қапталған. Қабырғаларда маған жақын адамдардың көптеген суреттері, сондай-ақ сағаттар ілулі.

Менің арманымдағы үй-бұл оқудан кейін оралғым келетін орын. Онда олар мені күтіп, жақсы көреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
miroonchickk
10.08.2022 02:46

Күлтегін» жыры (үлкен жазу) жер мен көктің және а ң жаралуы туралы философия толғаудан басталады (биікте Көк тәңірі, төменде қара жер жаралған да екеуінің арасында а жаралған). Бұдан кейін бүкіл а Білге қаған мен Күлтегін батырдың ата-бабалары билік жүргізгені, түгел түркінің басын қосып, қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған мадақталады. «Күлтегін» жырының авторы Түрік қағандығының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болған соң түркі елінің тағына дарынсыз қағандар отырғанын, халықты опасыз бектер мен жүгенсіз әміршілер билегенін күйінішке толы жыр жолдары арқылы жеткізген («Соңындағы інісі ағасындай болмады, Ұлдары әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен»). Табғаш елінің алдауына көнген Түрік қағандығының бектері өзара араздасып, елдің ішкі бірлігіне көп нұқсан келтірді. Елде алауыздық туды. Түрік қағандығының іргесі шайқала бастады. Бұл өте қауіпті кезең еді. Автор түркі халқы ата-баба дәстүрін берік ұстаған кездерінде ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүргенін жырлай келіп, ол осы жолдан тайып, дұшпанға алданған сәттерінде: «Бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», – дейді. Міне, содан кейін Күлтегін батыр көп әскер жиып, түркі елін жаудан азат етуге кіріскені зор сүйіспеншілікпен суреттеледі. Түркі әскерінің оғыз, соғды, түргештерге, т.б. қарсы жүргізген шайқастары, ал Күлтегін батырдың шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жауды ұдайы жеңіп отырғаны зор шеберлікпен бейнеленген. Жырдың авторы Күлтегін мінген аттың сипатын, ат әбзелдерінің әдемілігін, батыр қаруының сұсты көрінетінін ұтымды теңеулер арқылы көрсете білген. Жырда Күлтегін түркі елінің «төрт бұрышындағы» барлық жауды жеңіп, елде тыныштық, бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: «Бастыны – еңкейтті, Тізеліні – бүктірді», – дейді. Сөйтіп, жырда Күлтегін батырдың күллі түркі халқын тәуелсіз еткені әрі оны байлыққа кенелткені «Жалаңаш халықты тонды, Кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылык қылдым», – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады: «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады. Жыр соңында Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырып, аза тұтқаны, оны жоқтап, жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар – елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.

«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота