таня2024
12.02.2022 05:33

Кұсбегылык эссе. Кырыспе бөлым Негізгі бөлім
Қортынды бөлім , ещё добавлю

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Emlrd
29.09.2022 01:11

Табиғат -ананы аялайық,адамзат!

Ей,а Мен табиғатпын.Саған тіршілік етуіңе жағдай жасаған,табиғат-анаңмын.Сенің менсіз күнің жоқ.Жерімде тудың,өстің,тұрасың.Сенің өсіп-өнуіңе жағдай жасадым.Өстің-өндің,жетілдің.Неге маған зияндық келтіресің?!Қойнауымдағы мұнайымды,көмірімді,алтын-күмісімді бердім.Сен оларды заводта өңдеп,қалдықтарымен мені ластадың.Суымды,көлімді,тұнығымды лайладың,балығымды өлтірдің,не үшін?Мен саған сумен тіршілік бердім,егін еккізіп,өзіңді асырайтын өнім бердім,балығымды бердім.Ал сен адамзат өзің ішетін суыңды ластадың.Орман бердім,жеміс бердім,неше түрлі жан-жануарларды бердім ал сен ағашты кестің,аңдарды атып құрттың.Саф таза ауа бердім,сен зымыраныңмен ауа қабатын бұзып,ауаны ластадың.Өзіңе-өзің зиян келтірудесің,соны түсінесіңбе адамзат!? Мен табиғат-анаңмын.Ана баласына жамандық ойламайды.Адамзат ойлан,ақылға кел.Мені қолда, аяла.Адам мен Табиғат егіз,бірінсіз- бірінің күні жоқ.Бір тал кессең он тал ек.Завод-фабрикалардың ауаны ластайтын түтінінен құтыл,қалдық заттарын өзен-көлдерге құйма.Суыңды,жеріңді таза ұста.Болашақ ұрпағыңа таза ауаңды,жараланбаған жеріңді,бұзылмаған табиғатыңды қалдыр.Демалатын ауаңды ластама,еліңді ,жеріңді экологиялық аймаққа айналдырма.Сен менің панамда өсіп-өн.Таза табиғат аясында өмір сүріп,ұрпақ сүй.Ұрпағыңа табиғатты ластамауды,сақтауды тапсыр,үйрет. Табиғат көркейсе,адамзат қоса көркейеді.Табиғатты аяла,оған қамқор бол.

0,0(0 оценок)
Ответ:
avfvffg
21.05.2022 09:31

«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың  Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.

Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.

Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота