
ответ:Бір уақытта ар жағынан жарқырап Таразы жұлдызы оқ бойы көтеріледі. Оның тағы бір қырынан сүмпиіп Сүмбіле шыға келеді. Енді Жетіқарақшы көз ілмей, осы жұлдыздарды түгел батырып, ақ боз ат пен көк боз атқа таяп қалғанда, арайланып, жап-жарық нұрға бөлеп Таңшолпан күн шығыс жақтан жарқ ете қалады екен. Сонымен лезде таң атады да кетеді. Әлгі қарақшылар ұрлығын тоқтатып, жүзеге аспай қалған арам ниетін келер кеште жалғастыруға қалдыратын көрінеді. Ал, ертеңгі кеште бұл әрекет аспан әлемінде тағы солай жалғасады. Сөйтіп Жетіқарақшы жұлдыз болып жаралғалы бері аспан әлемінде қарақшылығын тоқтатпапты. Ұрлыққа да қолы жетпепті. Осылайша жыл он екі бойы айналып жүре береді, – деуші еді ауылдың көнекөз қариялары.Бұл – сол кездегі барлық ауыл баласының ұйып тыңдайтын әңгімесі еді. Күнде естіп-біліп жүрсек те, тағы да тыңдай түскіміз келеді. Құдды бір алғаш рет естіп отырғандай күй кешеміз. Бар ынта-ықыласпен құлағымызға құя түсеміз. Сосын «Әне, қарашы, Жетіқарақшы, біздерді қимай сөніп барады» деп жамырай әнге қосатын сол бір ғажап табиғат құбылысына деген іңкәрлік су сепкендей басыла қалатын. Себебі, көз тартар аспан сұлулығында да осыншама залымдық болады екен-ау деген бір үзік ой ештеңенің ақ-қарасын ажырата бермейтін сонау балаң жүрек түкпірінде қылаң ете қалатын.
Объяснение:100% правильно
Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.