NASTYASIDorova10
03.10.2022 18:59

Абайдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы Өз заманының ыстық-суығын басынан өткерген қайраткер қалыптасқан экономикалық жағдайды көрмеуі де, одан тыс қалуы да мүмкін емес.
«Жан аямай кәсіп қыл», — дей отырып, Абай: «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнері — қазақтың әулиесі сол» екендігін ескертеді. Сонымен қатар, сол кезеңнің мал тауып жүрген қолөнершілерінің қолындағы аз-мұзына мақтанып, өнер арттыруға салақ екенін, екіншіден, ерінбей жылжудың орнына, бір-екі мал тапса, малға бөге қалғандай кісімсуін, үшіншіден, «дарқансың ғой, өнерлісің ғой» деп мақтағанға уақыт өткізіп алатындығын, төртіншіден, тамыршыл боламын деп, ақырында біреуге батпан қарызға бататындығын көрсеткен еді.
«Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суала». Абайдың бұл сөзі дәл бүгінгіге айтылғандай. Аумалы-төкпелі нарыққа өту барысында еңбексіз, жеңіл жолмен пайда табушылар көбейді де, кейінірек, мемлекет амуы бір қалыпқа түсе бестаған кезде олар құрдымға кетті. «А замана өсіреді, кім де кім жаман болса, замандасының бәрі виноват». Абай өз шығармаларында замандастарын өткір сынға алған. Қай кезде болсын замандастар әр қилы, әр пікірлі: біреулері жүргізіліп отырған экономикалық саясатқа құлақ асады; біразы қара түнекті орнатып, басшыларды кінәлайды; керек десеңіз, енді бір бөлігі өткен өмірді аңсайды.
«Ісім өнсін десең, ретін тап» дейді данышпан Абай. Ол үшін, «ақыл керек, іс керек, мінез керек». Міне, сондай жағдайда адамды заман өсіреді. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес» деген Ұлы кемеңгердің сөзі бүгінгі Қазақстан жағдайына дөп келіп тұрғандай. Шын мәніндегі бизнесмен адамгершілігі жоғары, қояр мақсаты елінің гүлденуіне арналған, адал болуы керек. Байлық та, бақыт та өркөкірек, менменшіл, тәкәппар адамға құт болмайды.
Тапсырмалар
1. Мәтінді аударыңыз.
2. Мәтіннен етістіктерді құрамына қарай (дара, күрделі, құранды) топтастырып жазыңыздар.
3. Сөз тіркестерінің байланысу формаларына (қиысу, қабысу, меңгеру, матасу, жанасу) сәйкес келетін (5×4) сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.
Үлгі: киіз үйдің сүйегі – матасу: зат есім (і.с) + зат есім (т.ж. ІІІ жағы);
4. Екінші абзацтағы әр сөйлемнің негізін (бастауыш-баяндауыш қатынасындағы) табыңыздар.
5. Өзіңіздің болашақ мамандығыңызға байланысты оқулықтан Бөлім, тарау, тараушалардың атауларын (30-дан кем емес) қазақ тіліне аударыңыз.
6. Өзіңіздің болашақ мамандығыңызға байланысты оқулықтағы бір бөлімге (тарауға, тараушаға) аңдатпа жазып келіңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nusbek
28.10.2022 22:44

Тоқал тамның алдында тұрған кейуана әжім көмкеріп, тілім-тілімі шыққан алақанымен күннен көзін қалқалады. Саусақтары жуан, икемге көнбейтін тарамыс. Өмір бойы қара жұмыс істегені, аянбай істегені көрініп тұр. Суалған жанарымен қара жолға демін ішіне тартып телміреді. Бір нәрсе қараятын тәрізді. Мал ма, адам ба? Ажырата алар емес. Ернін жалады. Кезеріп тұр жарымағыр. Таң атқалы шайдан өзге нәр сызбағаны түсті есіне. Аяғы қақсап, орнынан тұра алмай қалды емес пе? Автобус келетін уақыт болғанда дәті шыдамады. Тұрды. Күн батып бара жатыр. Ол орамалын түзеп жол жаққа аяңдады. Қытайдың арзанқол орамалы құрғырда жылу да жоқ, сусылдап түсе де береді. Ол жолдың шетіне шығып көзін қайта көлегейледі.
— Жұт жалмағыр, арам қатқыр, қара сайтан, балалардың біреуі ма десем, сен екенсің ғой, қасқырға жем болғыр.
Жолға түсіп алып, бейқам келе жатқан Олжабектің қара танасы екен. Ызалы күбірмен кері бұрылды. Сол жақ жамбасынан төмен аяғы сырқырап әкетіп бара жатыр. Үй сыз ба, әлде жас кезінде сән қуып, жалаңаш жүріп құртты ма білмейді. Биыл суық үйде қыстап шықты. Үш мың зейнетақы неге жетсін? Балалардікі өздерінен артылмайды. Әйтеуір бұған жармаспай өз күндерін өздері көріп жүргендеріне шүкіршілік етеді. Үйге кірді. Сырттан келгенде, үйдегі жаман иіс әсіресе қатты сезіледі екен.
Дәу де болса, Қаратабан, сенен келген пәле бұл, — деді ол, төсектің үстінде үрпиіп жатқан мысықты қағып тастап. Ол жерге “дік” етіп түсіп, “Не болды соншама?” деген кейіппен жақтырмай қарады.
— Көзің шықсын. Көзің шыққыр, сорлы. Балалар жоқ. Өстіп жалғыз қалайын деп таптым ба бес баланы. Өлсем келіп көмуге жарар ма десеңші, шіріктер. Енді қайтейін. Ой, Алла-ай. Аман болсын әйтеуір. Қайтейін.
Төсегіне қисайды. Қараңғылық коюлана бастаған. Үйдің іші суық. Көктем шыққанмен, жер жылына қоймаған кез. Кемпір аш болатын. Сүйектері де удай ашып барады. Бірақ кәрі ана төзімді еді. Күте білетін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
KaterinYu31
18.12.2022 14:59

   Біз бәріміз анамызды жақсы көреміз.Өмірдегі ең қадірлі ,ардақты-Ана деген сөз.Ана а өмірге келгеннен ақ айтылатын ең алғашқы сөз. Ана бүкіл әлем үшін қадірлі,мейрімді жан. Менің анамның қолы гүл,және ол барлығын жасай алады.Ана жүрегі әрдайым балам деп соғады.Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы.Мен бес жасқа толсам да,он бес жасқа толсам да менің жүрегім Анам деп соғады.Ананың асыл сөздері,беоген кеңестері әрбір адамның есінен кетпесі анық..Ана есімі  осы өмірде баға жетпес асыл мұра.

    Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның  шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де-Ана. Ана өз баласының ел қатарлы бақытты болуын қалайды.

   Рахмет Анашым-маған берген барлық жақсылықтарың үшін.Анашым мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді берген тәлім тәрбиелеріңізді маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және, сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін.

   Мен анама ең алдымен ұзақ өмір,зор бенсаулық,мол бақыт және де біздің қуанышымыз болып жүре беруіне тілектеспін.

 

 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота