5 ВОПРОСОВ ПО ТЕКСТУ И ОТВЕТЫ Су — аса құнды табиғи ресурс. Елдің экономикасы, халықтың жағдайы суға тәуелді. Әсіресе ауызсу мәселесі өте маңызды. Ауылшаруашылыққа барлық судың 80-90% пайдаланылады. Судың 40 пайыздан астамы көрші мемлекеттерден келеді. Сондықтан Қазақстан көрші мемлекеттерден келетін суға тәуелді. Қазақстанда 8 өзен бассейні бар. Бассейндердің жетеуі — трансшегаралық өзен. Нұра-Сарысу су қоймасы ғана трансшекаралық өзен емес. Қазақстан жерінде су ресурсы біркелкі емес. Шығыс аймаққа су ресурсының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа – 24,1%, оңтүстікке — 21,2%, батысқа -13,4%, солтүстікке — 4,2%, орталық аймақтарға – 2,6%. Ең көп су- мен қамтамасыз етілген — Шығыс Қазақстан облысы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында су тапшы. Маңғыстау облысында тұщы су жоқ. Қазақстандағы 8 жарым мың өзеннің көбі тұнық емес. Таудан ағатын лайланған кішкентай өзеншелер. Көктемде тола алады. Ал жазда көбі ке- уіп қалады. Ең ұзын өзен — Ертіс. Ағыны қатты. Оның ұзындығы 4 мың шақырымнан асады. 1400 шақырымы Қазақстан жерімен ағады. Ертіс Моңғол Алтайынан басталып, Зайсан көліне құяды. Есіл мен Тобыл өзендері — Ертістің салалары. Ертістен кейінгі ұзын өзен — Жайық. Ол Орал тауларынан басталып, Кас- пий теңізіне құяды. Ертістен екі есе кіші өзен — Сырдария. Іле өзені Сырдариядан аз ғана кіші. Іле Балқаш көліне бірнеше текше метр су құяды. - 117