1. Баянауыл мекені орыс казактарының күшімен 1826 жылы салынды. 2. Казак мекенінің бірінші атаманы болашақта атақты географ, этнограф, саяхатшы және ғалым болатын Григорий Потаниннің әкесі Николай Потанин болған. 3. Баянауыл ауданында Бұқар жырау, суырып салма ақын, әнші Жаяу Мұса, тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтпаев, Қазақстанның атақты ғалым-энергетигі Шафик Чокин, философ, әрі әдебиеті Мәшһүр Жүсіп Көпеев, тұңғыш қазақ кинорежисеры Шәкен Аймановтар дүниеге келген. Осы жерде қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 4 жасынан бастап өмір сүрген. Кейін ақынның атына сол жердегі көл Торайғыр атанған. 4. Торайғыр көлі. Торайғыр көлі көлемі жағынан үшінші, әрі теңізден айрықша жоғары орналасқан көл болып табылады. Оның суы Жасыбайдыкі секілді тұнық емес, сондықтан шомылатын жер ретінде атағы шыға қоймаған, дегенмен оның балығы көп. 5. Мыстан кемпір шыңы. Туристер арасында "Кемпір-тасс" шыңы атақты болып танылады. Жергілікті тұрғында мен альпинистер оны "Мыстан кемпір" шыңы деп атайды.
Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.
Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.
Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.
ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады. «ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәәсекелестік күресте жеңіске жетуі - кездейсоқ емес. Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық. Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы - бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы персективаларын атап көрсетеді. Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған - «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті. Ақырында, бастысы - Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», - деді Мемлекет басшысы. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ҚР елордасының үздік брендтерінің бірі және аса әдемі нысан болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку