Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.
Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.
Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.
Ғаламтордың денсаулыққа зияны
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес.
Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.
Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.
Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.
Үстеулер
Үстеу - заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.
1. Мезгіл үстеулер
2. Мекен үстеулер
3. Мөлшер үстеулері
4. Сын (я бейне) үстеулері
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
6. Мақсат үстеулері
7. Себеп-салдар үстеулері
8. Топтау (я бөлу) үстеулері
Мезгіл үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
Сын (я бейне) үстеулері
Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.
Мөлшер үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.
Мақсат үстеулері
Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.
Себеп-салдар үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
Үстеу сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады.