Маңызды ақпарат:
1)Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті.
2)Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.
3)Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
Б) Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Жазылым:
9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды.
Қазақстан тарихы мәліметтеріне сәйкес, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алған. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі — үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді.
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады.
Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді...