Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.
Жалшы алдаған жас бала,
Жағалайды шешесін
Ет әпер деп қыңқылдап.
Көлеңке қылып басына,
Кілем төсеп астына,
Салтанатты байлардың
Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса,
Бәйгі атындай аңқылдап,
Өзгелер басын изейді,
Әрине деп мақұлдап.
Ақ көйлекті, таяқты
Ақсақал шығар бір шеттен
Малыңды әрі қайтар деп,
Малшыларға қаңқылдап.
Бай байғұсым десін деп,
Шақырып қымыз берсін деп,
Жарамсақсып, жалпылдап.
Шапандарын белсенген,
Асау мініп теңселген
Жылқышылар кеп тұрса,
Таңертеңнен салпылдап.
Мылтық атқан, құс салған
Жас бозбала бір бөлек
Су жағалап қутыңдап.
Қайырып салған көк құсы
Көтеріле бергенде,
Қаз сыпырса жарқылдап.
Өткен күннің бәрі ұмыт,
Қолдан келер қайрат жок,
Бағанағы байғұс шал
Ауылда тұрып күледі,
Қошемет қылып қарқылдап.
Объяснение:
Баяғыда бір бала болыпты.Әке-шешесі жоқ тұл жетім екен.Көрінгеннің есігінді қаңғып жүреді.Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында солпаңдып,айтқан шаруасын екі етпей орындайды.Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты.Күздің қара суығы екен.Төңіректі тұман шарлап,ызғырық жел өміңнен өтеді.Жұрт жылы үйден шыққылары келмейді.Ал жетім бала жалаң аяқ сыз басып,сиыр жаяды.Суықтан тісі -тісіне тимей жаурайды.Жапан далада тоңғаннан не істерін білмей,өксіп-өксіп жылайды.
Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:
-Әй,балам,неге жыладың?-деп сұрайды.
-Жыламағанда не?-дейді бозбала.Қожайын күнде үйден қуад.Жалаң аяқ,жалаң баспын,өлерше болдым.
Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ,өзінің аяғында жыртық шақай.Әрі-бері ойланып,қалтасындағы сыбызғыны алып,бозбалаға ұсынады.
-Осыдан басқа берерім жоқ,-дейді шал.Бірақ бұл жай сыбызғы емес,сиқырлы сыбызғы.Әйтеуір бір күні пайдасы тиер.Бұл сыбызғыны үрлесең болды,естіген жұрт билеп кетеді.Осыларды айтады да,әлгә шал ғайып болады.