Аяз би
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлеріне:
- Уәзірлерім! Сендердің барлығың ақылдысыңдар. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның, шөптің және құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалаймын! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі.
Көп уақыт іздеп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, түрі жаман, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады.
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады.