4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Күрделі етістіктерді тауып, түрлерін анықтаңдар. 1.Алдарынан шауып-шауып отыз-қырықтай қарулы солдат шықты (М.Ә.). 2.Тамшыдан тама-тама дария болады (мақал). 3.Әкелі-балалы екеуi де үндеместен бір-біріне қарады (Ы.А.). 4.Кешегі құмды дала жасыл алқапқа айналды (Н.Ғ.). 5.Орда шаңырағын халық көтерген. 6.Көкшалғынның арасындағы бармақтай-бармақтай боп өскен бүлдірген мен жидектен көз тұнады (1.Е.). 7.Анда-санда демалып, зытып келем, зытып келем (Ғ.Мүс.)