tanya18veselova
25.04.2020 20:29

Тәуелсіздік белестері эссе

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Nemosing
29.11.2021 06:30

Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!

Қанша қурап, қаншама көгермедің?!

Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой

Асанның шерге толы өлеңдерін!

Ой-хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»

-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.

«Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады.Бүгінде біз-қанатын кеңге жайған егемен елміз.Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, ән ұранымыз асқақтай шырқалуда.

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толып отыр. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың, болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!

Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»-деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің,тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті білім алып жатқан ерікті елдің, еркін ұланының бірімін!

Н.Ә.Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де бетінен қағар.Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»-деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.Бүгінгі партада отырған оқушы-ертеңгі азамат, ер патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті- өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті-сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!»

-деп өршіл ақын М.Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін…

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота