axieva35
17.01.2020 10:21

Қазақ тілі 10 сынып 80 бет 8 тапсырма?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alladzyurich
15.01.2020 16:50

Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі "ақшасын төлесек болды емес пе?" деп ойлайды.

Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз.

Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді. 

Үйде компьютер, теледидар, т.б. құралдарды қажетті кезінде ғана қосып отырыңыз. Компьютермен жұмыс істеп отырып, 20-30 минутқа үзіліс жасасаңыз, оны «ұйқы» режимінде қалдырыңыз. Сондай-ақ теледидарды күні бойы қосып, тастап кететін жайттарды күнделікті көріп жүрміз. Электр пештері орнатылған үйлерде тұратындардың тарифі газ пештері барларға қарағанда азырақ. Сонда да пешті қажет кезде ғана қосып, ажыратып отырғаныңыз абзал. Тамақ пісіретін ыдыстардың түбінің плитамен бірдей болғаны да үнемдеуге көмектеседі. Суды электр шәйнегіне тек өзіңізге қажетті мөлшерде құйып, қайнатыңыз.

Киім үтіктегенде уақытымен қосыңыз. Егер үтіктің табаны бүлінсе, тұзбен тазалап алыңыз. Ол үшін матаға 300 грамм тұз төгіп, үтікті қыздырып, тұздың үстінен тазарғанша жүргізесіз.

Қыста балконда немесе басқа салқын бөлмеде тамақ сақтайтын мүмкіндік болса, тоңазытқышты не мұздатқышты ажыратып қойғаныңыз дұрыс. Апа-әжелеріміздің әдісімен етті сүрлеуге үйреніңіз.

Объяснение:

Я толька 1 вопрос ответила:

электр энергиясын үнемдеудің маңызы қандай?

0,0(0 оценок)
Ответ:
wehter83
30.03.2021 13:43
Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт. 

Адамның әрбір күні, әрбір сағаты мақсатсыз өтпеуі керек. Өмірдегі әрбір уақытын, өз бойындағы қайрат-жігерін, ақыл-ойын өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға жұмсап, қалтықсыз еңбек етуге, сөйтіп өзі үшін де өзгелер үшін де игіліктер жасауға жұмсауы керек. Уақыт бізбен санаспайды, тез өтіп кетеді. Сондықтан өмірдің әрбір сәтін бір күндік қызықтармен ғана қор қылмай, өмірдің ізсіз, мазмұнсыз болмауын қадағалау керек. Қазіргі жастық шақ – адамның өмірінің қайратты да, мүмкіндігі мол тамаша шағы.
Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке жете алмайды. Уақыттың қадірін білу керек. Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, бір секунттың өзіндік құны бар. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота