-Сәлем!
-Сәлем
-Көріспегелі көп болды. Қалың қалай? ҰБТ жақындап қалыпты, қандай мамандық таңдап жатырсың?
- Жақсымын. Я ҰБТ да жақындап қалды. Бүртүрлі сезімдемін. Мамандығым оқытушы. Осы мамандық маған өте қатты ұнайтынын білесің ғой?
-Әрине.білемін. Сені көрсем болды, көз алдыма дайын мұғалім елеспейді. Сенен жақсы маман шығады. Қай саласына түсейін деп жатырсың?
-Дінтанудың оқытушысы боламын ба деген ой бар. Өзәме осы сала қызықты.
-Қазақ атам айтады ғой екі нәрседен қателеспе деп, бірі жар болса. екіншісі мамандық таңдаудан. Өзің таңдау жасап түскен мамандығыңды жақсы оқу керек. Сонда ғана өз ісін жетік білетін, біліммен қатар тәрбиеніде қоса беретін оқытушы шығады.
Махамбет пен Исатай достығы туралы.
Тарих беттеріне үңілер болсақ, біртуар тұлға, қайсар қолбасшы, халық көтерілісінің саяси көсемі болған Исатай Тайманұлының жан жолдасы болған Махамбет бастан – аяқ оның қасында жүрген, жауымен жауласып, дауымен дауласып өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы болғанын көреміз.
Атамыз қазақ қашанда достықты жоғары бағалаған. Себебі Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Міне, Исатай мен Махамбет достығы нағыз адал достық мысалы бола алады деп есептеймін. Бұл достық бұрын - соңды болмаған достық деп есептеуге болады, себебі екеуі де - ел үшін бастырын өлімге тігіп, жауға бірге аттанған сарбаздар. Әсіресе Махамбеттің жырлаған өлеңдерінде Исатайдың бейнесі ерекше көркем беріледі. Махамбет жан қиысқан қанды көйлек досы Исатай Тайманұлының батырлық, азаматтық тұлғасын, өлеңдік портретін ғажап жасап шыққан. Өлеңдерінің бірінде:
«Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Кер миығым, кербезім
Керіскедей шандозым!..», – деп Исатай бейнесін ерекше көркем етіп сипаттай білген.