Dаniеll
09.11.2021 07:48

БЖБ 7 КЛАСС КАЗАК ТИЛИ Оқу мақсаты: 7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру; 7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сүйіспеншілік пен достық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе); 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Бағалау критерийі: Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады
• Фразеологизм, мақал-мәтелдердің көркемдік
ерекшеліктерін ажыратады
• Сөйлемде тиімді қолданады, еліктеу сөздерді жазба жұмысында қолдана алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну Қолдану

Орындау уақыты: 15-20 минут

1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі және қосымша
ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз.
Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып, дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан
жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға
түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр
күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.
Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды
босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін
ғана берсең болды, - дейді.
- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей
өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана
күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты
тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға
соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Көзқарас

1.

2.

3.

2-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша күрделі жоспар құрыңыз
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
а)
ә)
ІІІ. Қорытынды бөлім
3-тапсырма. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. Өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, еліктеу сөздерді қолдану арқылы эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100 сөз.

4- тапсырма. «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Орфографиялық нормаға сай, 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме құраңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Olga692010
06.02.2023 11:33
Мен бос уакытымда мен жай жатуды,армандауды,алеуметтик желилерде отырганды унатамын.Тагы да бос уакытымда мен озимнин хоббиым,ягни сурет саламын.Мен козиме тускен нарсенин барлыгын саламын.Арнайы сурет курстарына бармасам да,мен суретти жаксы саламын.Конил куйиме карай кейде китап окимын.Бос уакытымда артурли музыкалык арналарды коргенди унатамын.Шоу бизнес жаналыктарын,ким не кигенин,кандай шаш улгисин жасаганын,жане тагы да баска осы сиякты багдарламаларды коремин.Менин бос уакытымда истейтин нарселерим осы гана шыгар.Мен ешкашан кол кусырып отыра алмаймын,аркашан бир испен айналысамын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
димон7777
25.09.2020 22:46
                               ПРОВЕРЬТЕ ТЕКСТ ВОЗМОЖНЫ ОШИБКИ
Қоңырау соғылғанда мен сыныппен бірге сынып қа кіремін . Әр кім өз орына отырады.Мұғалім сыныпқа кіреді ,біз сәлемдесіп орына отырамыз.Біз мұғалімді құрметтейміз сондықтан біз қазақ тілі мұғалімді мұқият тындап ,тып тыныш отырып,тапсырманы дұрыс орындаймыс.қазақ тілі сабағы менің ең сүйекті сабағым сондықтан сол сабақтан 5 баға алу тырысамын.Қазақ тілі сабағында біз жаңа тақырып өтеміз . сол тақырып бізге түсінікті болу үшін мұғалім бізге бір неше мысал келтіреді . сол тақырыпқа байланысты біз әр түрлі жаттығулар орындаймыз.Сабақ біткеннен сон біз қазақ тілі дәптерді тексеруге тапсырамыс. содан кейін біз кетеміс.менің ойымша қазақ тілі сабағы ең қызықты сабақ!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота