Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Табиғат аясына шығарда, денені жауып тұратын киім киген абзал. Улы жәндіктер тістеп алса, көбіне терінің ісініп, басылуымен шектеледі. Маса асқазан ауруларын таратушы, сондықтан, масаның тамаққа қонбауын қадағалау керек. Ал аса улы жәндіктердің шағуы орны толмас өкінішті жағдайларға әкеп соғуы әбден мүмкін. Сондықтан, демалысқа табиғат аясына бара жатқанда, мына кеңестерді жадымызда жаттай жүру керек. Себебі біз балалар мен табиғат аясын тамашалауға барамыз.
! Шөпте жалаң аяқ не ашық аяқ киіммен жүру қауіпті;
! Ұзын шашты қалпақтың астына жасырып не мүлдем жинап түйіп тастаған дұрыс, себебі, шашқа қонған жәндіктер денсаулығыңа әлдебір зақым келтіруі мүмкін;
! Табиғат аясында тамақ ішіп болған соң, дереу орнын тып - типыл жинап, қораптарға буып түйіп тастаған дұрыс. Ал тамақ пісіріп жатқанда, қазанның қақпағын мұқият тығыздап жабу керек;
! Жәндіктерден сақтандыратын қорғағыш құралдар алып шық;
! Кене сияқты жәндіктер шағып алса, ауырған жерді сабындап жуып, скипидар тамыз. Ара немесе сона шақса, ол жерге вазелин жағып қой;
! Қолыңда скипидар не вазелин жоқ болса, пияз бен сарымсақ сөлімен сүртсең де болады.
! Шаққан жерді қасымауға тырыс. Тырнағыңмен шағылған жерді ушықтырып аласың;
! Ара шағып алса, ауырған жерге мұздай зат қойып, димедролдың бір таблеткасын ішіп ал;
! Ал егер жағдайың сәт сайын нашарлап бара жатса, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгенің жөн.
! Балдырлары бар шалшықты суға түсуге болмайды;
! Белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, су түбінде суға батқан бөренелер, тастар, тырбиған ағаштар болуы мүмкін;
! Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге болмайды;