ПолинаКим13
13.12.2022 13:44

Махамбетше жырлаймын тақырыбында өлең жазып көріндер

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Касандра0077
25.11.2021 06:00

Исатаймен қосылып

Ел қорыған Махамбет!

Жері үшін туылып

Ел басқарған Махамбет!

Батыр, ақын, жауынгер

Өр тұлғалы Махамбет!

Туылған жоқ қайта қазақтан

Арыстандай Махамбет!

Патшаға қарсы қол жинап

Еңсесі тік Махамбет!

Көтерілістер бастап-ақ

Жеңіске жеткен Махамбет!

Досы үшін жан пида

Қылушы еді-ау Махамбет!

Хан Жәңгірден қорықпай

Кемшіліктерін жіберген

Бетке басты-ау Махамбет!

Егіз қозыдай жүретін

Исатай мен Махамбет!

Жәңгірге қарсы шыққан да

Исатай мен Махамбет!

Исатай өмірден өткен соң

Асыл достан, батырдан

Ойсыра айрылған Махамбет!

Баз кешсе де дүниеден

Мойымаған Махамбет!

Бар мұңы мен жан сырын

Қағазға жазған Махамбет!

Елді аузына қаратқан

Асыл тастай Махамбет!

Әрқашан да алға деп

Ұрандаған Махамбет!

Айта берсек көп міне

Махамбеттің қырлары

Зерттеліп бітпеген

Талай оның жырлары

Мақтан етем қазақтың

Батыр, ақын, хандарын

Ұмытпайық әрқашан

Тарих боп қалған жандарды!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота