leradorozhnyak
01.02.2021 03:07

1-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша диалог құрыңдар. 1. Қазақ даласында қандай заңдар болған? 2. «Жеті жарғыны» жетілдіруге кімдер қатысты? 3. Қазақ қоғамында билердің орны қандай болды? 4. Олар қандай мәселелерді қарады? 5. Қазіргі Ата заң Конституцияның мән-маңызы неде?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Lera111katy
21.02.2021 18:00
Шашкин Зейін Жүнісбекұлы (31.12.1912, қазіргіПавлодар облысы Баянауыл ауданы— 29.3.1966, Алматы) — жазушы. 1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933— 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында,ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы,1949 — 1955 жылдары КөкшетаудағыБурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 — 1956 жылдарыҚазақстан Жазушылар одағындакеңесші қызметтерін атқарған. Шашкин Зейін Жүнісбекұлы ба зде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап көрінді. 1934 жылы “Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды. Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының оқулығын” (1940) жазды.

Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты” (1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда” (1957), сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір тынысы” (1964), “Ақбота” (1966)повестері мен әңгімелер жинақтары, Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және отбасындағы рөлі, әлеуметтік, этикалық, эстететикалық көзқарастары баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларда қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет ел тілдеріне аударылды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған
0,0(0 оценок)
Ответ:
ymniy4
21.05.2022 11:39

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

1917-1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3). Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай сиезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды. Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Ж.Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, НКВД-нің қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында - 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде атылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота