Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Объяснение:
Менің досымның асыл қасиеті
Менің ең жақын досымның есімі Айман. Біздің достығымызға биыл 10 жыл. Осы уақыт ішінде екеуіміз бір ананың баласындай, апалы - сіңлідей болып кеттік. Айманның бойында маған оның сыпайылығы мен қайырымдылығы ұнайды. Менің ойымша, қайырымдылық - ең жоғарғы адами қасиет. Айман әрқашанда көмек керек адамның жанынан табылып, қол ұшын соза біледі. Жүрегі кең, пейілі таза жан. Қайырымдылығы мен сыпайылығы бірге жүретін жан досым өзгелердің арасында сыйлы, беделі бар. Мен осындай досымды мақтан етемін. Достығымыз ары қарай жалғасып, жылдар өте тек берік болып, нығая түссін!