вевпончд
18.08.2020 08:56

Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз. Астана — әсем қала Осыдан 15 жыл бұрын Астананы көшіру идеясы іске асты. Тарихқа үңілсек, бұл идея бұрын да көтерілген. Айталық, Әлихан Бөкейхановтың «Григорий Николаевич Потанин» атты мақаласындағы «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау» деген сөздерді еске түсірейікші. Өкінішке орай, ол кезде қалыптасқан саяси ахуал Алаш жұртын Қараөткелге (қазіргі Астана) шоғырландыруға мүмкіндік бермеді. Ол мүмкіндік өткен ғасырдың соңындағы азаттықпен бірге келді. Қазақ тарихының жаңа беттері ашылды. Тәуелсіз мемлекет құру және оның жаңа астанасын таңдау бақыты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Өзінің төлтумасына балаған Астана қаласы туралы толғауын Елбасы: «Жаңа астанаға көшу және оны салу туралы ой менде ертеректе, сонау алыстағы 1992 жылы туған еді, бірақ мен ол кезде мұны аузымнан шығармадым, өйткені Қазақстанның экономикасы ойлағанды іске асыруға мүмкіндік бермеді», — дей келіп, 1992 жылы, Қазақстанның Президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып, өзенге қарадым. Маған қаланың ортасында ағып өзен жатқан болса, қашан да сол ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. Ал әлемде қаншама Астаналар ылғи өзен жағасына салынған. Санкт-Петербург – Невада, Мәскеу – өзі аттас өзенде, Париж – Сенада, Лондон – Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан» — деп жеткізді. Деректерге көз салсақ, Арқа төсіне көшіп келген жылдары Астанадағы тұрғындар саны 290 мыңдай болған. Ал қазіргі есеп үш еселенді, 800 мыңға жуықтады. Ішкі көші-қон есебінен бас қаламызға қоныс ауыстырғандар саны 1999 жылдан бастап қарқын алды. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен Елордаға 62 мыңға жуық адам көшіп келген. Биылдың өзінде Астанаға 40 мыңнан астам адам табан тірепті.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
antoshaskoroboanton
28.06.2022 21:22
 МенІң емтиханға дайынмын! Я готова сдавать экзамены
Емтихан тапсыру ол бүкіл менің алған білімімді қортындау деп түсінемін.Емтихан тапсыруға үлкен психологиялық дайындық қажет.Кейде басқа да жағдайлар кедіргі жасайды, мысалы қобалжу-  дайындалған оқушы ,білген тақырыбын айталмай немесе жаза да алмайды.Мен емтиханды тапсыруға дайынмын, себебі сабақтармен және емтиханға дайындық уақытымды барынша пайдаланамын.   бүкіл күшімді соған саламын,бұл менің мектептегі алған білімімнің қортындысы.Менің ата-анам мені емтиханды  жақсы тапсырума тілектес.
0,0(0 оценок)
Ответ:
CURTER
23.07.2020 07:54
Пиза мұнарасы (итал. Torre pendente di Pisa) — 12 — 14 ғасырлардағы Италиядағы роман-готика архитектурасының ескерткіші. Пиза мұнарасы Пиза қаласында орналасқан. Мұнара дүние жүзіне “құлағалы тұрған мұнара” атағымен белгілі. Мұнараның құлай бастауы 1173 — 74 жылдары арх. Боннанның алғашқы үш қабатын салған кезінен басталды. 1275 жылы арх. Джованни ди Симони құрылыс жұмыстарын қайта жаңғыртып, бесінші қабатқа дейін көтерді. 1350 жылы арх. Томазо ди Андреа мұнара құрылысын аяқтап, қола шатырмен жапты. Осылайша Пиза мұнарасы сегіз бұрышты, 11 м биіктіктегі негіз үстіне орнатылған балкондары бар, 6 қабаттан тұратын қоңыраулы мұнараға айналды. Бірінші қабаты тұтас қабырғалардан тұрады. Ал үстіңгі алты қабаты аркада әдісімен, колонналармен әшекейленген. 1964 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мұнараны қисайған қалпында құлатпай ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар атқарылуда.
Мұнара ең аласа нүктесінің биіктігі жер бетінен 55,86 м болса ең биік нүктесі - 56,7 м. Табанының ені 4,09 м ал төбесінікі - 2,48 м. Массасы 14453 т. Қазіргі көлбеулігі 5 °. (4,9 м-ге жуық вертикаль бағыттан ауытқыған). Мұнарада 294 баспалдақтары бар. Координаттар: 43°43′22.74″ с. е. 10°23′46.71″ ш. б. (G) (O)
1964 жылы 27-ақпанда Италия үкіметі Пизан мұнарасын сақтап қалуға бағытталған ең жақсы жобаға конкурс жариялады. Пизан мұнарасының ұшар басы күннен-күнге өз негізінен ажырап барады. Сарапшылар кішкене жер сілкінісі нәтижесінде ортағасырлық іргетас опырылып түсүі мүмкін деп қорқуда. Пизанның ең басты мәдени ескерткішін сақтап қалуға бағытталған жобалар жан-жақтан келіп түсті. Тек 1999 жылы ғана инженерлік жұмыстар ойдағыдай жүргізіле бастады.
АҚШ-тағы Иллинойс штатындағы Найлс қаласында Пиза мұнарасының дәл көшірмесі тұрғызылған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота