Ivanøva34
12.07.2020 10:51

7-тапсырма. Ойтаразы. «ПОПС» формуласын қолданып, «От» өлеңіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер. ... Бірінші сөйлем. Менің ойымша, Екінші сөйлем. Себебі мен оны ... деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем. Оны мен ... деген фактілермен, мысал- дармен дәлелдей аламын. Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
poldin04
19.06.2022 01:24

Менің туған қалам - Павлодар

Павлодар қаласы - менің туған қалам, кіші Отаным. Павлодар қаласы Павлодар облысының орталығы. Қала  Қазақстанның солтүстік-шығысында Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Павлодардың іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған. Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Павлодар – республикадағы темір жол, өзен, автомобиль және әуе жолдары түйіскен ірі жол тораптарының бірі.Павлодар республикадағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мен кадрлар даярлаудың маңызды орталықтарының бірі.

Мен өз қаламды жақсы көремін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
франческа033
18.05.2021 05:31

Менің ауылым.

«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.

«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,

Қазақтың он ғасырлық өмір салты.

Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,

Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.

Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.

Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота