Nekomimi11
21.07.2020 16:02

ХХІ ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, те лефон, тұрмыстық техника және т.б.) елестете алмаймыз. Сондын тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселе гиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтынушылар айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көм мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп. Пlain далы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр. Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын сы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энерго іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технология лары көрсетілді. Перевидите

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
needhomework19
11.06.2022 21:24
Қазіргі заманғы қазақстан туралы, басты ұлттық символдардың бірі – алтын еске алмай ойлау мүмкін емес. алтын хх ғасырдың 70 жылдары еңбекшіқазақ ауданының есік қаласында табылған болатын. есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын, бұл күндері кеңінен танымал сақ қорғаны табылған. оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (алтын ) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. жерленген ң қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұратын. жауынгердің саз қтан жасалған құтыға құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған ағаш подностар, күміс пен қоладан жасалған қымбатты құтылар қойылған. табылған мола 40-тан астам қорғаннан тұратын және тарихтың көптеген құпияларын сақтаған үлкен мазардың оңтүстік шетіне орналасқан. антропологтардың анықтамасы бойынша есік қорғанында жерленген ң жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі іү ғасырдың аяғында өмір сүрген. ашық аспан астындағы «сақ қорғандары» мұражайында болу – осыдан мыңдаған жылдар бұрын ұлы дала өңірінде құрыла бастаған қазақ мемлекеттігінің бастамасымен танысу.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Alihan184
25.12.2022 08:54

Оралхан Бөкей – публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы. Әр әңгімесінің түбінде бір астарлы ой бұғып жататындықтан оны бірден түсіну қиын. Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Әкесі Бөкей табиғатынан қатал, сөзге шешен, рухы биік, шыншыл жан болса, анасы Күлия ақкөңіл, ақжарқын мінезімен көпке үлгілі болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды. 1991 жылы «Аққұс» әдеби ұйымын құрды.

Оралхан Бөкей – Кеңес кезіндегі ескі әдебиетіміздің жаңаша жаза бастаған жазушысы. Ол шығармаларында реалистік, романтикалық, мифтік желіні қолдану арқылы оқырманын таңғалдыра алды. Жазушы өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін керемет бейнелеп жазған. Жалпы, адамды ардақтау, адам психологиясын терең зерттеу – Оралхан Бөкей шығармаларының негізгі тақырыбы десе де болады.

Жазушы «Апамның астауы» әңгімесінде әйел баласын қазақ елінің қасиеті ретінде көрсете білген. Ол қазақтың этикалық, этнографиялық, тіпті археологиялық байлығының негізін әйел бейнесімен байланыстырады. Әңгіменің барысында «Апам менің...» деген тіркестің бес рет қайталануы - анаға деген сағыныш ғана емес, ұлттық салт-дәстүріміздің айнасы іспетті аналарымыздың сиреп бара жатқандығы толғандырған. Автор «Адам өмірі де қаңсыған астау секілді қаңсып қалады екен-ау» деген түйінді жасайды.

Мазмұн тереңдігімен, идея сонылығымен ерекше көзге түскен «Терісаққан», «Бура», «Қамшыгер», «Кербұғы» атты шығармалары. Бұл әңгімелер қоғамға, өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалғандықтан, философиялық ой-тұжырымдарға елеулі орын берілген. Әңгіме барысы авторлық ой, кейіпкер монологы арқылы өрбиді. «Терісаққан» - Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының «трагедиялық хал-күйін» көрсететін әңгіме. Мұнда ешқандай кейіпкер де, тартыс та жоқ. Өткенге көз жіберу арқылы тоқырау жылдарындағы қазақ халқының ата-баба дәстүрінен айырылып бара жатқанын тебірене жазады. Кез келген шығармасында жазушы адам жандүниесіндегі күйзелісті кейіпкер сөзімен көрсете білген.

Оралхан Бөкейдің көптеген повестері – лиризмге толы туындылар. Бұл орайда жастықтың арманы мен іңкәрлігіне толы «Қайдасың, қасқа құлыным» поэмасын атауға болады. Ересектікке жол тартқан «Елең-алаң» шығармасы да адам жанының өзгеше бір күйінен сыр шертеді. Диалог, монологтерді құруға келгенде қаламгер шеберлігі мен қолтаңбасына қатысты ерекшелігі – жазушы кейіпкерлерді әрқилы сөйлете біледі. Образды ашатын, шығарманы шындыққа жанастыратын құрал кейіпкер сөзін жазушы өте орынды қолдана білген. Бұған жазушының «Қасқа құлында» төрт кейіпкердің монолог-ойын төрт түрлі етіп ұсынғаны әдемі мысал бола алады.

Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы шығармаларында ерекше энергетика бар. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота