«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам тұрады. Біз демалыста ауылға барып тұрамыз. Онда тұратын адамдар мал шаруашылығымен айналысады. Көктемде төрт түлік малдар төлдейді.
Қозы, лақ маңырап құлын-тай тебісіп, балалар оны қуалап, шуылдасып, жатады. Ауылда қаладағы сияқты сәулет өнері жақсы дамымаса да, ауылдың қаладан көркемділігі ерекше. Ол өзінің төрт түлік малдарымен, ауасының тазалығымен, көк майса шөбімен ерекшеленеді. Және жазық жерлер көп.Мен нағыз байлықтың бәрі ауылдан шығады деп ойлаймын.Сол үшін де біз ауылдың қадірін түсініп, экономикасын көтеруіміз керек.
Ауылға
«Ауыл» деген кең дала,
Жап-жасыл ғой айнала.
Ауасы қандай тамаша,
Ой салады оңаша.
Ауылда өсті жан анам,
Қадірлі ғой ол маған.
Жаны қымбат анашым,
Лаура атты сүйікті жан.
Осы ауылдан шыққан ғой,
Біздің білгір даналар.
Биіктерде отыр ғой,
Істеріне таң қалар.
ну надеюсь что
Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.