6 -тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрып жаз. Жоспар бойынша мәтін бөлімдеріндегі тірек сөздерді анықта. Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша баянда. Сан есімдерді қолдан.
Павлодардық көркем сурет музейінде көптеген суретшілердің көрмелері бар,соның ішінде танымал павлодарлық суретшілер Бота Машрапов, Виктор Поликарпов, Әнуар Игембаев, Ғалым Қаржасов және тағы басқа қылқалам шеберлері құрған.
Жақында павлодарлық суретші -кескіндемеші Ануар Игембамбаевтың мерейтойлық көрмесі Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтті. Ануар Игембаев 1954 жылы 14 мамырда Павлодар облысы Ермак ауданы (қазіргі Ақсу) Грязновка ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Алматы қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдады. Ұстаздары: А.Аканаев, М.Хитахунов, Б.Пак. Кескіндемеші.1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1992 жылдан – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшесі). 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Көркемөнер Академиясының академигі және Суретшілер ассоциациясының мүшесі. 2008 жылдан ҚР Көркемөнер Академиясы экологиялық орта күзеті жөніндегі комитетінің мәдени мұра сарапшысы ретінде қызмет етеді. Ануар Игембаев - нәзік сезімтал портрет жанрының шебері, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар кескіндемеші.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку