Алтын күз.
Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.
Қазақстан Республикасы.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.