5284144
04.04.2023 17:07

3.берілген суреттерді пайдаланып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.Балама энергетика деген тақырыпты эссе жазыңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kseniya1521
18.10.2021 23:05
Әдемі көркімен, жанға жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар, сірә?! Онсыз да әсем әнімен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Бұл қаланың тарихи, табиғи және мәдени орны да ерекше екені сөзсіз. Жетісудың еркесіндей елітіп әкетіп, арманды арманға жалғайтын да осы – Алматы. Алайда қазіргі Алматымыздың жағдайы қалай? Қаламыз жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Оның дәлелін өзіміз де көре аламыз. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, экономикалық жағдайы, шаһардың даму процесі де айтарлықтай жақсы болмаса, жаман емес. Сонымен қатар, Алматы – жаңа мүмкіндіктер мекені болып та саналады. Осында көптеген саяси, мәдени іс-шаралар өткізіліп те жатыр. Жастардың көбісінің жаңа өмірге қадам басуына да себепкер болып, қолынан жетектегендей болады.

Алматы – үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Мысалыға, қарапайым өзіміздің тәуелсіздік алған жылдардың тарихи маңызы өте зор екені белгілі. Ызғарлы желтоқсанның құрбанына айналған адамдардың өздері әлі күнге Алматының айбынды жерін еш естерінен шығармайды. Себебі бұл тарихи мекен әрі ұлы оқиға. Ал қазір тәуелсіз елдің көркем аймағына айналып отыр.

Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайлары бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екені де рас. Оның алдын алу шаралары да қарастырылуда. Дегенмен, ол шаралар шаһардың толық тазаруына көмек бере алмайды. Сол себепті әрбір алматылық азамат өз қоршаған ортасына септігін тигізіп, Табиғат-Ананы да естен шығармаған жөн. Тағы айта кетерлік жайт, бұл қала қазіргі қазақ қоғамындағы ірі мегаполистердің бірі. Жаңа заманға сай дамыған ғимараттарымен де ерекшеленеді. Бизнес пен бәсекенің орталығы және болашағынан біршама биік белестердің күтіп тұруы да ғажап емес.

Не айтсақ та, Алматының әсем табиғаты мен шырайлы шуағы кез-келгенге туған анасы әлдилегендей сезім ұялатады. Қаламыз өркендей берсін!
0,0(0 оценок)
Ответ:
olyaokeio
25.07.2022 17:15
ССалалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.

Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

1.   Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.

2.   Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.

   Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.

   Қарсылық мәнді  бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.

    Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;

   Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.

   Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.

3.   Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :

1.   Ыңғайлас салалас.

2   Қарсылықты салалс.

3.                  Себеп – салдар салалас.

4.                  Ілектес салалас.

5.   Талғаулы салалас.

6.    Кезектес салалас.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота