spritemax11
29.07.2022 07:28

Проверьте и исправьте текст!: Бұл мақалада сіз Алматы метросының тарихы мен оның жолаушылар ағынын біле аласыз

1980 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А. Н. Косыгин Алматыда метро құрылысын бастау туралы Жарлыққа қол қойды және ол 1988 жылдың 7 қыркүйегінде басталды. Құрылыс үнемі қысқа қадамдармен жалғасып ,2011 жылдың 1 желтоқсанында 7 станциядан тұратын алғашқы метро тармағы іске қосылды:" Райымбек батыр"," Жібек Жолы"," Алмалы"," Абай"," Байқоңыр"," Мұхтар Әуезов атындағы Театр "және"Алатау". Ұзындығы-8,6 шақырым. 4 жылдан кейін тағы 2 станция пайдалануға берілді: "Сайран" және "Мәскеу", бұл тағы 2,74 шақырым. Жалпы, қазір "Райымбек батырдан" бастап "Мәскеуге" дейінгі барлық станциялар 27 жыл бойы салынды. Бұл өте ұзақ, солай емес пе? 2021 жылдың соңына қарай тағы 2 станцияны іске қосуға уәде берді: "Сарыарқа" және "Достық".

Метро жолаушылар ағыны 40 мың адамды құрайды, бұл жылына 16 миллионнан асады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Bbbbkoo
03.03.2021 17:49

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
MaxAd13
30.09.2021 09:38

Заман ағымы алға жылжыған сайын бәсекелестік пен сапа арта түседі. Таңдау көп болғандықтан бірі қымбат дүниелерге үйір болса,бірі арзанға үйір. Арзанның сорпасы татымас. Десек те халық арасында тараған бұл сөз кітапқа ешқандай қатысты емес. Әлемдегі адамдар сияқты кітап та тым көп. Жаның нені қаласа соны оқы. Арзан не қымбат,әдебиет немесе бизнес,бестселлер болады ма маңызды емес. Кітап оқудағы басты мақсат-рухани баю. Қай жағынан ақсап тұрсың?Сол жөнінде кітап оқы. Кітап оқуым керек екен деп тақырыбы ұнағанның барлығын көз майыңды құртып оқи берме. Нағыз саған арналған кітапты табу қиын,оны қанша жасыңда табарың да белгісіз.

Мен оқығаным үшін мүлде өкінбеген кітап-(Көшпенділер)Жас патриот болуға талпынған 13 жасар қыз Ілияс Есенберлиннің 800 беттік романын оқуға кірісті. Әр бетін терең ұғына оқыған соң ,мен тарихтың қаншалықты құнды екендігін ұқтым. Әр ханның қажырлы қайраты,халықтың еңбекқорлығы мені тәнті етті. Қаншама қысымды оқи отыра жәй ғана отыра алмадым. Тарих пәнін бар ынта шынтаммен оқи бастадым. Көркем шығарма оқысам да тарихи кітапты таңдадым. Барша жылдарды,соғыс,жорық,бекіністі жатқа білмесем де тарихшы деп атап кетті. Өйткені мен расымен де тарихты түсінуші едім. Бір оқпен екі қоян атқандай болдым. Тіл байлық,ой өрісімді ересекше жетілдірдім және тарихтан хабардар болдым. Фантастикалық бағыттағы кітаптарды оқи бермей,тарихқа басым күш салу арқылы өзімнің патриоттық сезімдерімді оята алдым. Тарихтан жетістікке жетсем Ілияс атамды еске аламын. Алғысымды білдіремін. 16 бірдей тарихи кітап жазу мен деген жазушының қолынан келе бермейтін іс. Бұрмаланған қазақ тарихын зерттеп,көзі тірісінде оқырман ризалығына бөлене қоймаса да,қазір қазақ халқы атаммен мақтанады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота