
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
1. Заманға
Заман—түбір;
Ға—барыс септік жалғауы.
2. Орындарының
Орын—түбір;
Дар—көптік жалғауы;
Ы—тәуелдік жалғауы;
Ның—ілік септік жалғауы.
3. Дәрісханалар
Дәріс—түбір;
Хана— зат есім туындатушы жұрнақ.
4. Кітапханалар
Кітап—түбір;
Хана—зат есім туындатушы жұрнақ;
Лар—көптік жалғау.
5. Азаматтық
Азамат—түбір;
Тық—сын есім тудырушы жұрнақ.
6. Халықаралық
Халық—түбір;
Ара—біріккен сөз (түбір)
Лық— сын есім тудырушы жұрнақ.
7. Ата-ана—қос сөз ( 2 түбір )
8. Елімізде
Ел—түбір;
Іміз—жіктік жалғау І жақ, көпше түрі;
Де— жатыс септік.