
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.
Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.[1]
Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.
ответ:
1 жауап сәтбаев қаныш имантайұлы (1899-1964) – қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, ксро және қазақстан ғылым академияларының академигі, тәжікстан ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, ксро мемлекеттік және лениндік сыйлықтарының лауреаты.
павлодар облысының баянауыл ауданында туған. сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, семей мұғалімдер семинариясында, томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. мұғалімдер семинариясында ж.аймауытов, м.әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. ш.құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен қазақстанның минералды ресурстарына арналған. жезқазған кенін зерттеу және орталық қазақстанның (сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген. 1926-1929 жылдары кені мардымсыз өңір болып саналған жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтеруде сәтбаевтың еңбегі өте зор болды. бұрынғы геологиялық деректерге терең талдау жасап, бұл кен ауданының кең көлемдегі геологиялық-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі нысан екенін дәлелдеген. минералдық шикізаттарға бай сарыарқа, кенді алтай және басқа да аймақтарды ерекше назар аударып зерттеген. 1927-1928 жылдары – жезқазған, қарсақбай, атбасар, спасск аудандары, қарағанды тас көмір алабы және қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми маңызды еңбектер жариялаған. 1929 жылы атасу темір-марганец кендерін игерудің негізінде қарағанды облысында қара металлургия өнеркәсібін туралы мәселе көтерген. жезқазған – ұлытау ауданында мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашып, барлау нәтижесінде маңызды геологиялық қорытындылар жасаған. ұлы отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажет марганец тапшылығы туған кезде сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде жезді марганец кені барланып, іске қосылған.
2-жауап темір
соколов темір кені қостанай облысы қостанай ауданы рудный қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. аэромагнитті түсірулер кезінде ашылған (1949, в.п. носиков). 1949 – 1955 жылы барланып, 1951 және 1964 жылы қорының шамасы есептелініп, бекітілді. кен орны сергеев брахисинклині немесе соколов-сарыбай антиклинінің шығыс қанатында визе-серпухов жанартаутекті шөгінді тау жыныстары мен төменгі-жоғары карбон интрузиясы жапсарында орналасқан. бұлардың бетінде қалыңдығы 35 – 120 м-дей мезозой-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері жатыр. кен денелерінің қалыңдығы 1000 м соколов свитасының скарнделген әктасты, туфты, туффитті, андезитті, базальтты порфириттері арасында қалыптасып, меридиандық белдеуге жақын бағытта 2,5 км-ге созылған. құлау бағыты бойымен кендер 350 – 1300 м тереңдікте орналасқан. кен ашық әдіспен өндіріледі. кен денелерінің бітімі , сеппелі, желілі, сиректеу жолақты.
соколов темір кені.
басты минералдары магнетит, пирит, мартит, гематит; пайдалы қоспалары никель, марганец, , т.б. бай магнетит кентастарында 55,6%, ал кедей кентастарда 31,2% темір бар. жалпы қоры 1295 млн. т,темірдің орташа мөлшері 40,2%. соколов темір кенінің кентасы қарағанды металлургия комбинаты/қарағанды металлургия комбинатының (испат кармет) шикізаты.
қазақстан темір кені қоры жөнінен тмд бойынша ресей мен украинадан кейін үшінші орын алады (16,6 млрд т). темір кен орындары көбінесе солтүстік қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 85%-ы шоғырланған. өсіресе, қашар, соколов-сарыбай кен орындарының маңызы зор. сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш м.сургутанов ашты. ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар қостанай облысындағы әйет жәнө лисаков кен орындарында кездеседі. руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен ондіріледі. кеннің құрамында таза темір 37-42%. темір кенінің шағын кен орны қарағанды (кентөбе, қаратас), солтүстік қазақстан (атансор) облыстарында бар.
3-жауап алюминий мен оның құймалары авиация және автомобиль жасау өнеркәсіптерінде , құрылыста , қорғаныс ісінде көпірлер жасауға кең қолданылады алюминий электр тоғын жақсы өткізеді , одан көп мөлшерде электр сымдарын жасайды алюминий оксидінің бөгде қоспасы бар басым түрі-наждак заттардың бетін тегістеуге ,тазартуға ал рубин дәл приборлар,сағаттар жасайтын өнеркәсіптерде қолданылады
алюминий сульфаты су тазартуда кейбір кағаздар жасауда қолданылады