bogdan1001b
26.09.2020 07:30

4-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қойындар. Роберт, мүнда бір сұмдық болып жатыр. Жұрттың бәрі есінен
танып қалғандай. «Трибюннің» шұғыл саны жарық көріпті. Бәрі сол
газетті оқып жатыр.
Ол не екен? Саяси жаңалық па?
Жоқ, басқа, Мүлдем басқа.
Не туралы айтылған? Не ол сонда?
Не туралы жолдау? Мәні неде? Бір-екі сөзбен айта аласың ба?
-Әлгі ғарыш тақуасы керемет ғылыми жаңалық ашты дейді. Оның
айтуынша, енді адамдар өмірге келу-келмеуді өздері шешетін сияқты.
- Не айтып тұрсың, Джесси? Түк түсінсем бұйырмасын.
Ш. Айтматов. «Кассандра таңбасы» романынан

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kristinaabrosi1
02.06.2023 07:09

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда түсушілер келе бастайды. Бірақ Іле қыз олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды.

Сол елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.

Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге тимеген палуандар белдеседі. Шабандоздар бәйгеге түседі. Бұл асты бергенде Балқаш байдың ойында қызы Ілеге болашақ күйеу іздеу де жоқ емес-ті. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бір-біріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады. Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол - өзінің кедейлігі еді.

Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де, әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: Әке, мен тек Қараталды сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар екенін білмедің. Ол күш - махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеуімізді бірге жерле, - дейді де биік құздан етекке құлайды.

Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: Мен өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам болсын, - деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен Қаратал демімен толығып отырады екен.

болама

0,0(0 оценок)
Ответ:
Батылдық—ол кез-келгенадамның бойында бар қасиет пен мінез деп түсінемін.Біз әркезде өзімізге сенімді болумызда осы батылдыққа байланысты.Егер біз сенімділікті арттырсақ батылдықта арта түседі.Мен өзімді батыл деп айта аламын.Себебі мен өз пікірім мен ойымды сенімді жеткіземін.Басқаларда солай жасаса өзгелер батыл деп атайды.Осы себепті Батылдық—бақыттың жартысы деп айтқан.Ауа-райын нашар деп айта алмауымыздың бірнеше себебі бар.Біріншісі ол табиғи құбылыс.Екіншісі біз ауа-райын біле тұрып кез-келген уақытта дұрыс киім таңдай бермиміз.Міне осы сөздермен ақ ауа райының адам қолымен жасалмайтынын түсінеміз.Ауа-райын бұрын өлшейтін арнайы адамдар болмасада айға,құстар мен қоршаған ортаға қарап білген.Қазір дамыған заманда біз оны кез-келген ортада еркін біле аламыз.Шыдамды болу батыл болу секілді оңай.Бірақ оны көбі түсіне бермейді.Шыдамдылық адамға белгілі уақытта берілмейді.Оны біз өзіміз дағдылап,бойымызға сіңіруіміз керек.Мысалы қарапайым бағдаршамның қызық түстен жасыл түске айналғанша күте алуда шыдамдылыққа жатады деп ойлаймын.Осыны барлығы ұғынғаны дұрыс.Себебі шыдамдылық болса басқа мінездер өзі қалып тасады.

Объяснение:

2 тапсырма

Абай туралы шығарма эссе

Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге туылған. Абай қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшы, философ, ақын. Абай өз балалық кезін әжесі мен анасының жанында өткізген. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.Абай ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге сауатты дамыту мақсатпен аттанады. Абай ақын медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай ақындық жолына бағыт бұрады. Абай өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Дегенімен, сонау кездердегі халықтың ішіндегі тартыстар ақындық өнермен айналысуды қиындатаны. Абай ақындыққа бағыт бұрғанда өлеңдерін білім, өнер және мәдениетке бағыттады. Абай 1885 жылда «жасымда ғылым бар деп ескермедім» - деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абайдың шығармасы болып, Абайдың ақындық жолдағы ізденісін танытты.

Абайдың қарасөздеріне келсек:Әлемде еш зат өзі таңдаған мұратқа жеткілікті қайрат пен жігер жасамай жету қиын. Ғылым және білімді оқыу, өзінше іздену — қайрат борлысы. Кейбіреулер ғылым және білімді ақыл — қайратсыз үйрену қиын. Абайдың шығармалары осындай мағыналарға толы болған.

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тқрады. Олар тақырып нысанынан бірғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6 - 7 қарасөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай өз қарасөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқұмдығы мен мағынасына назар аударған. 1918 жылы Семейде жарық көрген «Абай» журналында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота