Бектұров Әбікен (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының акададемигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың анорганикалық синтез лабораториясын және анорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968 — 1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералды тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, «Октябрь революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.
Ліміздің басты ауқымды мәселелерінің бірі − мемлекеттік тіл мәселесі. Сонау Кеңес дәуірінен бері қазіргі күнге дейін келе жатқан тіл мәселесі әлі де шешуін таппай келеді. Қазақ тілін дамыту бойынша көптеген мәселелер қаралды, заңдар қабылданды. Сондықтан да, біз үшін мемлекеттік Әнұран, мемлекеттік Елтаңба қандай қымбат болатын болса, мемлекеттік тіл де сондай қастерлі, сондай қадірлі. Себебі көк Туды желбіретіп, Елтаңбаға қарап тұрып, мемлекеттік Әнұранды айту үшін тіл керек. Барлық елдің мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде айтылады. Сондықтан, барлығымыз мемлекеттік тілді жаппай меңгеруге тиіспіз.Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку