- Анасы: Қадиша, гүлге су құйшы, деді. Қадиша: - Ертең құямын, - деді. Қадиша, қуыршақтарыңды жинашы, деді анасы. Қадиша: - Ертең жинаймын, - деді. Қадиша анасына: — Ала, тамақ ішемін. Қарным ашты! деді. Анасы: - Тамақты ертең істеймін, - деді. Апа, теледидар қосшы, кино көремін, - деді Қадиша. Теледидарды ертең қосамын. Киноны ертең көресің, - деді анасы. - Апа, «ертең-ертең» дейсіз. Бүгін тамақ ішпеймін бе? Кино көрмеймін бе? - деп, Қадиша жылады. Неге жылайсың? Сен гүлге суды ертең құясың. Қуыршақтарыңды ертең жинайсың. Мен де сенен үйрендім. Ендеше, жұмысты ертеңге қалдырма, — деді анасы. Қадиша ойланды. М. Төрежана 1. Анасы Қадишаға не деді? 2. Қадиша қалай жауап берді? 3. Қадиша қандай қателік жіберді? 4. Сен Қадишаның орнында болсаң, не істер едің?