Әсем әлем
Таң сібірлеп ата бастағанда оянатын болып жүрмін. Арайлап атқан таңды қарсы алғым келеді.
Бәрінен де күн шығып келе жатқандағы түленуін айтсаңызшы. Көл беті баяу толқып, жыбырлап, өзінше тыныстап, кербез жатады. Осы көрініс әуелі қара күреңденіп, бірте-бірте сібірлеп, ашық түске ойысып, енді күннің алтын кірпік сансыз найзасы шаншылып, нұрланып, жылтылдап, інжу-маржан шашып тастағандай жалт-жұлт етіп, құбылып ойнайды. Бір сәт алаулап, өртеніп, жалын шашқандай. Осы кезде сонау көкжиектен астасқан тұстан қылаң етіп әлдене көзге шалынады. Ол ақ кеме. Ыссықкөлдің ұзына бойымен ақ кеме жүзіп бара жатады.
Осыдан кейін менің қалт жібермей бақылайтыным күннің батуы. Жайшылықта ешнәрсе емес, күн батар кездегі көрінісі тамаша. Күн дегеніңіз қан қызылданып, жақындап келіп, ай табақтанып жалқық атып, балқып барып қонады. (114 сөз)
"Сусыз өмір жоқ" тақырыбында диалог.
– Ата,ата!
– Ау,құлыным,не болды?
– Сұрақ қояйыншы!
– Қоя ғой,балам.Не мазалап тұр?
– Осы сусыз өмір бар ма?
– Өте ауқымды әрі дұрыс сұрақ.Осындай сұрақтар сені ойландыратыны жақсы.Әрине,сусыз өмір жоқ.
– Неге?
– Су – тіршіліктің көзі.Гүл тұқымын топыраққа еккеннен кейін оған су құйып тұрмаса,өспейді.Адамның өзі судан тұрады.Су айналада болып жатқан барлық айналымға қатысады,ол біздің өміріміздің негізі,балам.
– Жақсы,ата.
– Суды қастерлей білу керек.Су қоры да аз.Есепсіз төкпей жүр,жарай ма?
– Жарайды,аташым.Жауабыңыз үшін көп рахмет.
– Бара ғой,шырағым!