КрендельЙА
28.10.2020 20:57

Сделайте задание по картинке.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Евочка2000
04.08.2021 09:31
-Сәлем Меруерт!
-Сәлем Алма
-Меруерт,сен маған көмектесе аласың ба?
Бізде жақында ашық сабақ өтеді,мұғалім бізге Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы біліңдер-деп айтты
-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
-Өте қызық екен.
-Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.
-Сен бұның бәрін қайдан білесін?
-Маған атам түсіндірген.
-Көп рахмет!Сау бол!Келесі кездескенше.
-Сау бол!
0,0(0 оценок)
Ответ:
Akmosh2003
29.03.2022 14:51

Қуануға, қорқуға, ренжуге байланысты көңіл - күй одағайларымен диалогтар

1. Қуануға байланысты диалог

- Алақай, анашым!

- Балам - ау, тыныштық па, не боп қалды?

- Мені құттықтап қойсаңыз болады!

- Құттықтаймын, жаным! Олимпиада қорытындылары шыққан болар?

- Ия, анашым, дәл таптыңыз. Олимпиаданың екінші кезеңі бойынша мен бірінші орынды иемденіп, енді облыстық жарысқа қатысатын боламын!

- Бәрекелді, жарайсың, құлыным! Сен үшін өте қуаныштымын!

- Алақай...! Алақай...!

2. Қорқу тақырыбына диалог  

- Астапыралла! Онысы несі? Тіл-көзден сау болғай, жас адам...

- Кім туралы айтып жатсыздар, апа?

- Көрші үйдің баласы жайлы...

- Қандай жағдай, не болды?

- Жоқ жерде құлап, тура тойдың алдында аяғын сындырып алыпты...

- Сұмдық - ай, обал болған екен. Тез жазылып кетсін...

3. Ренжуге байланысты диалог

- Түу... Мына шамның сөніп қалғаны - ай!

- Не боп қалды, Әсетжан?

- Ертеңгі сабаққа қажетті реферат басып отыр едім, шам сөніп қалды...

- Ойпырмай, еңбегіңнің бәрі далаға кетті ғой.

- Ия, соған ішім ашып тұр. Енді басынан бастап қайта теру керек болады.

- Жарайды, балам, оған бола ренжіме.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота