DARKxSHADOWxYT
08.07.2021 00:17

Өнер жолында мағына жазу ол бжб

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
11SOS11
10.02.2023 00:14

Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирилл жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.

Қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық әліпби деңгейіне жету жолы:

1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда Орхон-Енесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.

2. X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін қолданылды.

3. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына реформа жасап Жаңа емле деп аталатын жаңа әліпбиді пайдалануға мүмкіндік берді.

4. 1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген Бірыңғай түркі әліпбиі қолданыста болды.

5. 1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл әліпбиін қолданып келеміз.

Көне түркі жазуы - (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з.жазуы. Дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

1. Енисей ескерткіштері.

2. Талас ескерткіштері.

3. Орхон ескерткіштері.

Араб жазуы - (:أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة əбджәдийə 'арабия) — ежелгі(б.з.б. 2000-шы ж.) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады.

Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы, дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне(көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т.б. түрлері пайдаланылады.

Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (және, т. б.) қолданылады.

Жаңа емле жазуы: 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру жайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды. Реформалауға не түрткі болды дегенге келсек, дәстүрлі араб жазуында:біріншіден, бір дыбысты жазу үшін бірнеше әріптер пайдаланылатын;екіншіден, сөзді жазғанда оның тек дауыссыз дыбыстары ғана таңбаланатын да, дауыстылары жазылмаған сөздің мағынасын түсіну қиындық тудыратын;үшіншіден, араб әліпбиінде дауысты дыбыстарды белгілейтін таңбалар саны үшеу ғана болғандықтан, бұл таңбалар тоғыз дауыстысы бар қазақ тілі үшін жеткіліксіз болды; төртіншіден, мұсылманша сауат ашу әдісінде әріптердің таза араб тіліндегі дыбысталуы мен айтылуын жаттатумен ұзақ уақыт кететін; бесіншіден, ол кездегі жазба тілдің құрылымында араб, парсы, ескі тілдің сөздері көп қолданылатындықтан, қалың бұқараға емес, азғана топтың мүддесіне қызмет ететін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Мамкинс
11.09.2020 05:34

ответ:Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.[1]. Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметі былай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-27 жылдарғы жорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен". Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота