Викуха4А
06.12.2021 01:58

Төменде берілген тақырыптардың біреуін таңдап эссе жазыңыз 100 сөз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Pro2222
03.01.2022 13:15
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Dffc
30.12.2020 00:06

Объяснение:

Ай мен Күн туралы ертегі.  

Бұрыңғы заманда Ай мен Күн деген екі ағайынды болыпты. Екеуі де елін найзаларынығ ұшымен, білегінің күшімен қорғап жүрген батырлар болыпты. Екі ағайынды бір елді басқарып отырған ханның ұлдары болыпты.

Ай үйдің кенжесі болғандықтан ата-аналарының сүйікті баласы болады. Сол себептен де екі батырдың әкесі оларға өз хандығын бөліп беретін кезде, жердің көп бөлігін кіші ұлына береді екен. Алайда Айға бұл жердің көлемі жеткіліксіз болады. Әрдайым өз қалағанын алып үйренген Ай Күннің жерін өзіне тартып алуға шешім жасайды. Айдың жанындағы кеңесшілері оның шешімін қанша өзгерткілері келгенімен, Ай өз айтқанынан қайтпайды.

Солайша, ол өз ағасы Күнге қарсы шығып, оны шайқасқа шақырады. Екі тәулік бойы

шайқасқан Ай мен Күн қатты шаршайды.   Соңында Айға күтпеген Жерден Күн келіп бетін қылышпен ұрып жібереді. Сол уақыттан бастап Ай тек түн уақытында ғана шығып отыратын болды, әрі бетіндегі үлкен тыртықты тығу мақсатында жарты бетін ғана көрсететін болды. Ал Күн қалған тәулік уақытында шығады.  

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота