89051330939
03.04.2023 16:32

Казахский язык и литература,


Казахский язык и литература,

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Lezgin228
13.06.2021 04:26

Дастарқан туралы диалог.

- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?

- Ия, Алина, бос уақытым бар.

- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.

- Тыңдап тұрмын. Айта бер.

- Маған мектепке дастарқан жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?

- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?

- Қазақ халқының тағамға деген көзқарасы жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?

- Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің» деген мақал осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

- Қандай керемет жауап! Жалпы, дастарқан жаюдың қыр – сырын айтсаң?

- Қонақ қарсы алатын әйел адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Жайылған дастархан — біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат. Аналарымыз бізді кішкене кезімізден дастарқан жаюға араластырып, бар білгендерін үйретеді.

- Ия, бұл да тәрбиенің бір бөлігі деп білемін. Қазақ халқының қонақ күтіп, дастарқан жаюына тәнтімін.

- Осы демалыс күні біздің үйге келіп, қонақ болып кет. Сонда дастарқан жайлы тағы анам да айтып берер?

- Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ukrainskayaa
25.09.2022 21:10

Жыл сай­ын дүние жүзінде темекі шегудің сал­да­ры­нан 4 млн. адам қайтыс бо­ла­ды екен. Бүгінде жер ша­рын­да 1,2 мл­рд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойн­ша 1997 жы­лы темекіден 3 млн. адам көз жұмған бол­са, бұл көрсеткіш жыл сай­ын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 млн.-ға жуық адам темекі шегеді екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, он­да та­яу жыл­дар­да жар­ты мил­ли­ард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.

Темекі тар­та­тын адам күніне ор­та есеп­пен 200 рет, ай­ы­на 6 мың рет, жы­лы­на 72 мың рет ішке түтін со­ра­ды. Қызығы сол, темекі шегуді о бас­та «ой­нап» бастаған 100 адамның 80-і бірітіндеп тұрақты шылымқорларға ай­на­ла­ды. Қазір темекінің мыңнан артық зи­я­ны бар екені мәлім бо­лып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жо­ла­май-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жо­лын қарастырсын.

Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тас­тау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, са­быр төзіміне көп бай­ла­ны­с­ты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тый­ым са­ла білетін ең та­ма­ша уақыт – ора­за ұстайтын Ра­ма­зан айы. Ора­за ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз са­быр көрсетіп, басқа кез­дер­де де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота