Адамгершілік - барлық пенденің бойында кездесе бермейтін қасиеттердің бірі. Бұл сөз өзіне рухани байлық, тәрбиелілік, жанашырлық және білімділік сынды қасиеттерді жинақтайды. Адамгершілігі бар адамды ақша да, мансап та құрта алмайды. Ондай адам қолындағы барымен бөлісіп, өзгені де бақытты етуге тырысады. Өкінішке орай адамгершілігі мол адамдар бүгінгі таңда аздық етеді. Оған дәлел - қарттар үйі, балалар үйі, түрмелер және пара беру. Менің ойымша, адам сипатымызды жоғалтпай, "таза" өмір сүргенге ештеңе жетпейді.
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. “Мені” мен “менікінің” айрылғанын “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес. Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей, Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей, Міні қайда екенін біле алмассың, Терең ойдың телміріп соңына ермей. Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас, Екеуі тап бірдей орныға алмас. Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың Иманын түгел деуге аузым бармас.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку