61. Мәтінге ат қой. Ағасы Мирас пен Әлімге алма үлестірді. Мирас: Рақмет. Ағасы: Оқасы жоқ. Ал Әлім үндемеген қалпында тұра берді. Мирас: Әлім, сен неге рақмет айтпайсың? Әлім: Ағам «Оқасы жоқ» деді ғой. • Оқасы жоқ деген қандай мағына береді?
Қазақ халқы төрт түлік малды асыраған.Төрт түлікке- түйе,жылқы,сиыр және қой-ешкі жатады.Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрікиімі, әрі көлігі, қымызы - ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс- берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.
«Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку