asdf42
07.08.2021 18:23

5. Мәтінді мұқият оқып, бүгінгі сабақтан ойларыңды қорытындылап, «Бұрын қолданылған араб жазуын А.Байтұрсынұлы не үшін рефор- малады? » деген сұрақ бойынша эссе жазыңдар. Сөз саны - 80-100. көне семит Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден алған әліпби. Еуропа жұртының тұтынған әліпбиінің түбі әліпбиі. Көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий жұрты алған, онан грек, гректен латын, Еуропа жұрты алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан куфалықтар, куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп алған. Арабтан иран, түрік және басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған. Өз тілдерінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған. Тіліне әліпбидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса, әріп қосып толықтырған. (Ахмет Байтұрсынұлы)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
podvorskij
06.06.2022 10:16

Аспан аңыздары-кейбір ерекше қасиеттері мен таңғажайып көріністерін бейнелейтін халық аңыздары. Қазақ аңыздарына тән ерекше құнды қасиет – шынайы аспан көріністерін поэзиялық түрде бейнелеу. Бұл аңыздардың басым көпшілігі – діни нанымдарынан аулақ нағыз халық шығармалары. Шөбі шүйгін шырайлы жер іздеп, ен даланы сыпыра көшкен халық, көктегі самсаған шырақтардың ішінен батырларды, мергендерді, қарақшыларды, сұлу бикештерді, сәйгүлік аттарды тауып, қиялмен қиыстырып сюжет ойлап, оларды аңыздарға арқау еткен.

0,0(0 оценок)
Ответ:
JustTonight
17.02.2020 15:24

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз. Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын. Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!

лучши ответ берш

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота