loser05
19.05.2023 15:55

Берілген мәтін негізінде 4 күрделі сұрақ құрастырыңыз Сатып алынатын заттардың ең қажеттісін анықтаңыз. Бұл ең қажетті заттарға ақшаңызды дұрыс бөлуге көмектеседі. Дүкенге дайын тізіммен барыңыз, бұл ретте олардың бағаларына қарап, кейбірін науқандармен сатып алуға тырысыңыз. Бір қаптамаға салынған үш сусынның біреуін тегін алатын немесе екі свитердің бағасымен үш свитер алу сынды тиімді ұсыныстар болады. Алайда, көбіне бұл заттарды сатып алу біздің жоспарымызда мүлдем болмайды, шындығында олар бізге мүлдем керек емес, жоспарланған бюджетке кірмеуі де сондықтан, ал сапасы төмен болғандықтан олар науқанмен сатылып жатыр. Бұл ретте жарамдылық мерзімі бітуге қалған азық түліктердің де қажеті шамалы.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
margaritamaurses
02.02.2022 03:03

Әнші құм

Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.

Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.

Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Регина5111111
17.06.2020 18:45

Ас атасы - нан.

Нан – қазақ халқы үшін киелі ас саналады. Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Нанға қатысты тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер де өте көп айтылған. Мысалы, «нанды аяқ астына тастама», «Нан қатты екен», «шала піскен екен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т.б. сөздерді айтып, нанды сынамайды. Нанды, тамақты сынау –ашаршылықты шақыратын жаман ырым. «Нан— тамақтың атасы, ынтымақ — көптің батасы» деген халық ұғымында нанда кепиет, қасиет, құдірет, кие бар деп түсінген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота