Жазда әкем шөп шабу, оны жию, үйге тасу жұмыстарымен айналысады. Мен оған шөптен баулық жасап шөпті буу жұмыстарына көмектесемін. Көрпе қабу шеберлік, сырмақ сыру ол да өнер, менің әжем осының бәрін біледі. Танымайтын ортаға сыю қиын. Балалардың еңбегін бағалап, мақтау айтып, рухтандыру қажет. Оқушылардың білімін арттырып, болашаққа қызықтырып, жетелеу үшін ұстаздар көп еңбектенуі керек. Жазды күні ыстық құмды уыстау мүмкін емес. Ақша табу үшін еңбек ету керек. Ыдыс жуу, үй жинау жұмыстарын қарындасым істейді. Бүгінгі күн тәртібін баяндау маған тапсырылды. Дастарханға қойылған астың бәрін тауысу міндет емес. Ол сенімен қабысу үшін көп дайындалды.
Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.
Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку