elsem78
31.12.2022 06:41

л т Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі - бата беру Бата - тілі көркем, ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең соз, Батаның Тәрбиелік маңызы үлкен. Бата берудің оз жолы, дәстүрі, рәсімдері бар, Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден бата сұрайды. Батаны кез келген адам бер мейді. Батаны көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер береді, Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы — үш күнгі ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан бата алады. Тілек-бата – үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын жайып беретін батаның түрі. Қазақтар сөз өнерін өте жоғары бағалаған. «Бата адамға күш береді, жолын аша- ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ideliya2006
12.11.2020 10:52

Өткен жұмада деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
danilponomary
01.01.2022 21:22

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.

Өткен өмір белгісі осы сыбдыр,

Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Ақыл анық байқаған қылығыңды,

Қу шыққансып қағасың босқа бұлдыр.

Күн жиылып ай болды, он екі ай жыл,

Жыл жиылып, қартайып қылғаны бұл.

Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота