
Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.
Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.
Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман
(Қорқыт).
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.
Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.
"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Анасыз өмір — сөнген көмір.
Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады
Объяснение:
Мен Махамбеттің ерлігіне қайран қаламын.Өйткені, қалам мен қылышты өзіне серік еткен ерекше, біртуар тұлға.Махамбеттің өлеңдері адамдарға рух пен жігер береді.Əр өлеңінен қайсарлық пен ер азаматтық ерлікті көре аламыз."Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің символы.Махамбет өлеңі қайталанбас, құдіретті.Шығармалары тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең-жырында жоқ" деп Қабдолов өзінің сыни пікірін айқын дәлелдеген.
Махамбет өлеңдерінде халқымыздың өзіндік болмысы, қайсарлығы қазақ халқының рухын көтереді.Мысалы, "Бағаналы терек" өлеңін алсақ.Əрбір буыны мен бунағы, əрбір тармағы мен шумағы қайсарлықты айқындап көрсетеді.Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсаты орындалмай, көтеріліс жеңілген соң патша саясаты халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауыртпалықты күшейте түсті.Ол осы өлеңі арқылы тек қана қарағайдай өз қамын ойлайтын адам дүниеге келгенше, емендей елінің қамын жасайтын, еліне көмек қолын созатын адамның өмірге келгені, өмір сүріп жүргені артық деп нық басып ащы шындықты айтады.Осы шығарма арқылы келер ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деп жазып қалдырған.Дауылпаз ақынның осы өлеңінен халық кегін алатын, теңдікті сұрайтын ұлды армандағанын көруге болады.Бұл мына өлең шумақтарында көрсетілген:
"Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы.
Артымыздан біздердің,
Ақырып теңдік сұрарға".
Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, өткір жырлары мен өлеңдері халықтың рухани азығы, ұрпаққа мұра болып қалды.
Объяснение:
...