ayupovailinaozhaxj
23.01.2022 16:02

Нужно перевести этот текст на русский, переводчиком не получается нормально

Міне , ол қазір тұла бойының ауырғанына май , ілгері аяңдап келеді . Енді аз жүрсе , алдында үлкен өзен бар . Өкіріп - бақырып Тентек - Халдай ағып жатыр . Сол өзеннен өтіп , Күргейтастың ту сыртына шықса болғаны , айтулы кезең иек астында тиіп тұр . Өзенге түсе берістегі алаңқайда демалып оты рып , анадай жерде жатқан адамның қу басын көрді . Сол маңда әр жерде шашылып жатқан басқа да сүйектерді көзі шалды . Жол - жөнекей әр жерде кезігіп қалатын тастан жия салған молаларды , ит - құс ашып тастаған адам сүйектерін ол бұрын да көріп келе жатқан . « Бұл қанды асу кімдердің басын жұтпаған ? » – деді өзенге қарай түсіп келе жатып . Аштықтан боранда қалып , талай боздақ жан тапсырды ғой ... Күн бата қарт өзеннің бойына түсті . Қаталап , тілі аузына сыймай келіп еді , саптаяғымен су іліп алып , сіміре жұтты . Торсығын да құйып алып шыққан айраны бұдан екі күн бұрын таусылған . Қалтасында жүрген бес алты құртты торсықтың ішіне салып , үстіне кеше су құйып алған - ды . « Не болса да , осы арада біржола тамақтанып алайын » , - деді ол Қоржынынан бiруыстай ірімшік және екі - үш қатқан нанды алды . Тастай боп қатып қалған қара нанның бір түйірін қажалап отырып зорға жеді . « Шіркін - ай , осындайда бір шәйнек шай немесе бір аяқ қымыз болар ма еді ?! » деп аңсады қарт . Қарт « жеуге жарайтын ештеңе табылмас па екен » дегендей айналасына көз жіберді . Кенет дәл бас жағында өсіп тұрған бір түп долананы көрді . Қып - қызыл боп уылжып тұрған долананың жидегі шалдың көзіне оттай басылды . Жалма - жан орнынан тұрып , үзіп жей бастады . Қалтасына да толтырып алды . Шөлі қанып , қуанып қалды . « Өлмегенге өлі балық жолығады » деген осы - ау , - деді ішінен , - құдайдың өзі көмектесіп тұр ғой » ...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
netesa0202
22.12.2022 13:08

Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.

Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қо , шынайы оқи-ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sofia621
15.04.2022 10:37

мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйешаруашылықтары жатады.

(если я правильно поняла)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота