Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.
1. Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
2. Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң дауыссыз;
х - қатаң дауыссыз;
ц - қатаң дауыссыз;
ш - қатаң дауыссыз;
щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен сөйлемнен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:
Оның шығармасы үздік деп табылды.
Оның о – ашық буын, ның – бітеу буын
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
н – үнді дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ң – үнді дауыссыз;
4 әріп, 4 дыбыс бар.
шығармасы шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын, сы - ашық буын.
ш – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
с – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
9 әріп, 9 дыбыс бар.
үздік, үз – тұйық буын, дік – бітеу буын.
ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з – ұяң дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
і – жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
к – қатаң дауыссыз;
5 әріп, 5 дыбыс бар.
деп, деп – бітеу буын.
д – ұяң дауыссыз;
е – жіңішке, ашық, езулік дауысты;
п – қатаң дауыссыз;
3 әріп, 3 дыбыс бар.
табылды. та – ашық буын, был – бітеу буын, ды – ашық буын
т – қатаң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
б – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
7 әріп, 7 дыбыс бар.
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі.