pasha25013
02.03.2022 04:02

1.Көмекші есімдер қатарын табыңыз. А) ауылдан келу, жылдың басы
В) мектептің маңы, қалаға бару
С) тіл үйрену, сабақ айту
Д) түн іші, жаз ортасы
Е) сабақтың соңы, бүгін келді
2. Көмекші есім қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
А) Ана сүті бой өсіреді, ...
В) Талаптыға нұр жауар.
С) Адасқанның алды –жөн, арты- соқпақ.
Д) Мектеп – кеме, білім – теңіз.
Е) Көңілсіз құлақ – ойға олақ.
3. Одағай сөзді табыңыз.
А) паһ-паһ
В) талапты
С) соңы
Д) ішінде
Е) жеңіс
4. Көңіл-күй одағайын табыңыз.
А) тәйт
В) құрау-құрау
С) айт
Д) шай-шай
Е) алақай
5. «Дүниеге келді», «жарық дүние есігін ашты» сөз тіркестерінің анықтамасын көрсетіңіз.
А) көмекші сөздер
В) одағай сөздер
С) дисфемизмдер
Д) эвфемизмдер
Е) дұрыс жауабы жоқ
6. Эвфемизм сөзді көрсетіңіз.
А) ұры
В) дүниеден өтті
С) өлді
Д) өсекші
Е) туды
7. Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) суреттен
В) суретші
С) суретпен
Д) суретті
Е) суреттің
8. Салыстырмалы шырайлар қатарын белгілеңіз.
А) қап-қара, тәп-тәтті
В) жақсырақ, жап-жасыл
С) ұзынырақ, ұп-ұзын
Д) өте жақсы, тым нашар
Е) қаттырақ, үлкендеу
9. Шырай формаларын жасайтын күшейткіш үстеулер қатарын анықтаңыз.
А) –лау, -леу, -дау, -деу
В) өте, тым, аса
С) –рақ, -рек, ырақ, -ірек
Д) өте, орасан, -ғылт, -қылт
Е) –лау, -леу, –рақ, -рек
10. Дерексіз зат есімді табыңыз.
А) тұңғыш президент
В) атақты ғалым
С) алғашқы махабат
Д) алғашқы ұстаз
Е) жақсы адам
11. Туынды сөзді табыңыз.
А) оқушы
В) қол
С) ана
Д) ас
Е) аға
12. Берілген сөйлемдерден метафораны көрсетіңіз. А) Қатты жаңбыр жауды.
В) Не деген жел айдаған көбелекпін?
С) Елімізде сауда жолдары жақсы дамыған.
Д) Болашақта кім болғың келеді?
Е) Ұлы Жібек жолы
13. Түбір сөзді табыңыз.
А) бұрғы
В) ойыншық
С) ауылдық
Д) егін
Е) атадан
14. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) шөппен
В) тұздар
С) құста
Д) басшы
Е) үйден
15. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз. А) ұста
В) зергер
С) суретші
Д) мүсінші
Е) ұстаз
16. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
А) жел
В) өмір
С) ағаш
Д) көңіл
Е) ауа
17. Сын есімді табыңыз.
А) қайық
В) бұрын
С) ырық
Д) бұйрық
Е) жарық
18. Шақыру одағайын табыңыз.
А) Қап
В) Опырым-ай
С) Пәлі
Д) Шөре-шөре
Е) Бәрекелді
19. Қыстырма сөзді табыңыз.
А) қажеттілік
В) қалам
С) сөзсіз
Д) қашу
Е) мұрат
20. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз. А) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді. В) Біреулері ызғарлы, біреулері көңілді отыр еккен. С) Өмірде бәрі кездеседі, дегенмен жақсылық жеңеді. Д) Не ексең, соңы орарсың. Е) Әрине, адам өмірінде көп қиындықтар кездеседі. Оқылым Мәтінді мұқият түсініп оқып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыз. Ғаламтор тарихы Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желі ARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен. 21. Интернет сөзінің мағынасын табыңыз. A) байланысқан телефондар B) әлеуметтік желі C) пошталық байланыс D) байланысқан желілер E) компьютерлік байланыс 22. Сөйлемді толықтырыңыз. Уақыт өте желіні басқа саладағы ... қолдана бастады. A) қорғаныс министрлігі де B) ғылыми қызметкерлер де C) желідегі серверлер де D) ғаламтор желісіндегілер де E) ақпарат алмасатындар да 23. Жобаны кім қаржыландырды? A) Білім министрлігі B) Спорт министрлігі C) Қорғаныс министрлігі D) Мәдениет министрлігі E) Байланыс министрлігі 24. Желіні жасауға қатысқан университеттер саны... A) 3 В) 2 C) 1 D) 4 E) 5 25. Әскери зерттеулер агенттігінің компьютер желісін құру жайындағы ұсыныстың мақсаты не? Ойыңды 1 сөйлеммен жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
fhderDgy
20.04.2022 14:42

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет .Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады .

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі . «Отан отбасынан басталады» демекші ,

ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . А қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте .Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке , ізеттілікке ,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған .Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді , қыз балаларға ибалық жасап жол беруді , жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық , кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді .

Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы .Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру .

Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады .

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі а кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына , мұғаліміне,ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты .

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата –бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр , қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
pedroluisfigoowupwm
16.10.2022 05:28

Ұлттық тағамдар туралы диалог

- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?

- Ия, Алина, бос уақытым бар.

- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.

- Тыңдап тұрмын. Айта бер.

- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?

- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?

- Қазақ халқының ұлттық тағамдары жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?

- Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің» деген мақал осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.

- Қандай керемет жауап! Өзің айтқандай, ұлттық тағамдарды бірнеше топқа бөлсек, әрқайсысына толығырақ тоқтала кетсең?

- Жақсы. Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар.

Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.

Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.

Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.

- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!

- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота